Ауданда «Ашық әкімдік» кеңсесі ашылды(+ВИДЕО)

Ел Президентінің «Халық күніне құлақ асатын» мемлекет тұжырымдамасын іске асыру мақсатында барлық өңірлерде, аудандарда «Ашық әкімдік» кеңселері ашыла бастады. Халыққа қызмет көрсетудің жаңа замандық үлгісі кең қанат жайып, Махамбет ауданында да бұл жобалық кеңсенің ашылуы өтіп, аудан әкімдігі халыққа біртабан жақындай түсті.

Салтанатты шараға Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Бауыржан Жаржанов, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт қатысты.

qabylday61120-611

Әкімдіктердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ашылған «ашық әкімдік» кеңсесіне тұрғындардың өздерінің көкеде жүрген сауалдарымен келіп, мамандардан кеңес алуға мүмкіндік алады. Бұл жерде заңгер де, пошта қызметі де, өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы да, тіпті балаларды ойнатуға арналған орын да бар. «Ашық әкімдіктің» жанынан арнайы бөлме де дайындалған. Ол жерде аудан әкімі мен орынбасарлары тұрғындардың жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.

oinalany61120

- Өңірімізде жүзеге асқан «Адалдық алаңы» жобасын билік пен халық алдындағы түсіністікті қалыптастырған алаң деп атауға болады. Ел президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес мемлкетттік қызметтер ашық әрі жүйелі түрде көрсетілуі тиіс. Осы бағытта «ашық әкімдік» жобасы жүзеге аса бастады. Бұл жобаның мақсаты – жемқорлықпен күресіп, қызметтің ашықтығын қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру. Аудан тұрғындары ендігі кезекте әкімдіктің дәлізін жағалап, әр есікті бір қағып, табан тоздырмай, осы жерге келіп, өздерін мазалаған сұрақтарына жауап ала алады. «Ашық әкімдік» жобалық кеңсесі халық сенімінен шығады деген сенімдемін, -дейді «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аудандағы өкілі А.Сираш.

s

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында сәулет, жер қатынастары, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, азаматтық хал актілерін тіркеу, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді ұсынады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін бір жерде қабылдау және беруден басқа, орталықта өзіне-өзі қызмет көрсету секторымен қатар қызметті электрондық түрде де алуға болады. «Ашық әкімдік» кеңсесінің лентасын Айдос Мамыт пен мемлекеттік қызмет саласының ардагері Ұзақбай Төлегенов қиды.

- Халық үшін жасалып жатқан жұмыстарға ризамыз. Бүгінгі ашылған «Ашық әкімдіктің» ашылуына қатысып, қуанышты болып тұрмыз. Бұл кеңсе халыққа өте тиімді деп есептеймін. Мемлкет басшымызға, облыс, аудан әкімдерінің атқарып жатқан жұмыстарына алғысымызды білдіреміз. Жағымды жаңалықтармыз көп болсын, Тек халық осы азаматтардың атқарып жатқан жұмыстарына түсіністікпен қарап, бірлікте, сыйластықта болуға жазсын, - дейді аудан тұрғыны, көпбалалы ана Клара Айбасова.

b

Аталған нысанның ашылуынан соң облыстан келген қонақтар кәсіпкерлерге қызмет көрсетіп отырған «Бизнес инкубатор» мен «Кәсіпкерлерге арналған Үкіметті» аралап көріп, аудан әкімдігі тарапынан жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

aralay61120

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521