Конференцияға делегаттар ұсынылды

«Nur Otan» партиясы Махамбет аудандық филиалының «Дене шынықтыру кешені» бастауыш партия ұйымы атынан 11 қараша күні «Өнерпаз» мәдениет үйінде өтетін партия филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясына қатысушылардың тізімі бекітілді.

300-ге жуық партия мүшесі бар «Дене шынықтыру кешені» БПҰ-ның төрайымы Айгүл Сұлтанғалиева жиынның күн тәртібіне екі мәселені ұсынды. Алғашқысы жиналғандарды партия филиалының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру болса, екіншісі БПҰ жиналысына берілген квотаға сәйкес делегат ұсыну болды. Сайлауалды бағдарламамен таныстырып шыққан БПҰ төрайымы күн тәртібіндегі екінші мәселе, яғни делегаттарды таныстырды. БПҰ атынан 9 делегат ұсынылып, бірауыздан мақұлданды.

nur-61120

Аудандық білім бөлімінің басшысы А.Сұлтанғалиева, Махамбет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Сисенова, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры А.Қабенов, Қоғамдық кеңес төрағасы С.Жайлашев, «Қызғалдақ» балабақшасының меңгерушісі Ш.Ахметова, «Нұршуақ» балабақшасының меңгерушісі Н.Сапенова, О.Шонаев атындағы орта мектептің директоры Ж.Дүйсенғалиева, жұмыспен қамту орталығының директоры А.Төлеген және «Алтын балық» балбақшасының меңгерушісі Т.Сариевалар 11 қараша күні өтетін «Nur Otan» партиясы Махамбет аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясына қатысушылар тізіміне енгізіліп, партия мүшелерін тарапынан біраузыдан сайланды.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT