Алғалық кәсіпкер жылқы малын сойып таратты

Қиын-қыстау кезеңде халқына пана болып, мұқтаж жандарға көмек беріп келген қазақтың қалталы азаматтары әр кезеңде де болған.

Соның бірі Алға ауылының тұрғыны, "Бірлік" шаруа қожалығының басшысы Кунашев Амангелді төтенше жағдай кезінде ауылдастарына көмек қолын созып, «Біз біргеміз» акциясы аясында округтегі 14 отбасына 1 жылқы малын сойып таратты.

Қандай жолмен болса да, мұқтаж жандарға көмек беріп, қиындықтан құтылуға жәрдемдесіп жатса, бұл да болса сауапты істердің бірі емес пе?

Осылайша карантин кезінде ауданымызда ізгі әрекет жасауға ниет білдірушілер саны көбейіп келеді.

К.Сапар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT