Жасөспірімдер қылмысының алдын алу және профилактикасы, соның ішінде кәмелетке толмағандар тарапынан кешкі және түнгі уақытта жасалатын құқық бұзушылықтардың жолын кесу, олардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу мақсатында, ағымдағы жылғы 17-21 желтоқсан аралығында аудан көлемінде «Қауіпсіздік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу.
Іс-шара барысында, жергілікті білім беру ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп жұмыстар ұйымдастырылуда. Бөлімнің ювенальды полиция тобының қызметкерлерімен ІІО-ның есебінде тұрған қолайсыз отбасылар, мекен-жайлары бойынша тексеріліп, кәмелетке толмағандардың қатысты қылмыстардың алдын-алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
А.ЕЛЕШОВА,
Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі
ювеналды полиция тобының
кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
аға учаскелік полиция инспекторы
полиция майоры


