Аудан ардагерлерінің іс-тәжірибесі облысқа таратылады

Халықаралық қарттар күніне орай өткізілетін шараға қатысу үшін Атырау қаласынан арнайы келген меймандар алдымен күрескер ақын, дулығалы батыр Махамбеттің, Кеңес Одағының Батыры Канцевтің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, ерлікке тағзым етті.

«Өнерпаз» мәдениет үйінде ұйымдастырылған облыстық Кеңестің жастарға рухани ізгілік, әскери патриоттық тәрбие беру жөніндегі комиссиясының көшпелі мәжілісін кіріспе сөзбен ашқан аудан әкімінің орынбасары М.Сейтқалиев мәжіліс жұмысын одан әрі жүргізу үшін сөз кезегін аталмыш комиссия төрағасы С.Алпатановқа жолдады. Ол көшпелі мәжілістің алға қойған мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының талаптарын орындау бағытындағы ардагерлер ұйымдарының іс-қимылдары мен мүмкіндіктерін саралау, зейнетке шыққан азаматтардың қоғамнан тыс қалмай, өмірлік ұстанымдарын жастар тәрбиесіне арнауына қолдау көрсету бағытындағы оң тәжірибелерді ортаға салу, қазыналы қарттарымыздың қоғамдағы белсенділігін арттыру екендігін айтып өтті. «Атырау ардагерлер кеңесі» деген сайт ашылғанын, сол арқылы жастармен кері байланысқа түсіп, олардың жаңаша көзқарастарымен санасып, ашық пікір алмасып отыратындығын жеткізді. Бұдан кейін мәжілістің күн тәртібіне сай Махамбет ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Сәменов «Жас ұрпаққа әскери патриоттық және рухани тәрбие берудегі ардагерлер ұйымының ролі мен белсенділігін арттыру» деген тақырыпта баяндама жасады. Келесі кезекте сөз алған профессор Б.Таубаев ұлттық идеологияны қалыптастыру, тамырлы тарихымызды түгендеу, ұрпақ санасын жаңғырту туралы тұшымды ойларын ортаға салып, осындай ізгілікті іспен айналысып отырған, құрамында 500-ге тарта ерікті мүшесі бар «Елсана» рухани клубының жұмысына, алға қойған мақсаттарына тоқталып өтті. Сондай-ақ, күн тәртібінде қаралып отырған мәселеге орай, аудандық мәслихат депутаты А.Құрманбаев, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ж.Дүйсенбаевтар сөз сөйлеп, өздерінің ұсыныс, пікірлерін білдірді. Мәжіліс соңында облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары С.Мұхамбетов сөз алып, бірқатар белсенді ардагерлерді марапаттады. Облыстық кеңестің көшпелі мәжілісі Махамбет аудандық ардагерлер ұйымының жастармен жұмыс жөніндегі іс-тәжірибесін облысқа тарату туралы шешім алды. Н.Ерғалиев

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика