Жемқорлық - жегіқұрт

Сыбайлас жемқорлық – заң бұзушылықтың ең үлкен түрі. Қоғамның әрбір мүшесі, Қазақстанның әрбір азаматы түйткілді түбірімен жоюға белсенді түрде араласуы міндетті.

Басты қадағалау заң қызметкерлерінен болуға тиісті. Әрбіріміз өз санамызды әуелі өзіміз тәрбиелеп, қала берді басқаларға да ұғындырып, көзін жеткізе білсек, сонда ғана ұтамыз, сонда ғана біз еліміздің іргесінің мықты, болашағының жарқын болуына жекелей үлесімізді қоса аламыз. Аудандық аумақтық инспекциясында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа алып, жұмыс жасап келеді. Ай сайын мекемеде сыбайлас жемқорлыққа жиналыстар өтіп, хаттамалар толтырылып тұрады. Тамыры тереңге кеткен жемқорлықтың бүгінгі деңгейі алаңдаушылық тудырып отырғаны орынды. Бұл жағдаймен еліміздің әрбір тұрғыны күнделікті кездесіп тұрады десек, артық айтқандық емес.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – әр кездегідей міндетті борышымыз деп санай білсек, көптеген заңсыздықтардан, жат қылықтардан өзіміз ғана арылып қоймай, өзгелерді де арылтамыз. Бар мәселені заң және құқық қорғау қызметкерлері атқарады деп солай қарай итере салсақ, қоғамға жат элементтер жаңбырдан соңғы саңырауқұлақтай болып өрби бермек. Тағы бір айтар жайт, біз жастардың бойында өзіміздің бойымызда бар жақсы қасиеттерді қалыптастыра алсақ, бұл болашақ бағытты күндердің шыбығын қадаған бағбанның өнегелі әрекетімен астасып жатары сөзсіз. Күрес неғұрлым ашық және бітіспейтін деңгейде болса, қоғам тазарып, адамдардың рухани байлығы артып, еліміз гүлденетініне біз сенуіміз керек және оны азаматтық парызымыз деп қабылдауымыз керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біз қолданатын әдістер мен тәсілдердің, саяси, азаматтық әрекеттеріміздің үлкен- кішісі болмайтынын санамыздан бір сәтке сызып тастамауымыз керек. Көп болып жұмылсақ, көп нәрсе істей аламыз.

А.ІДІРІСОВ,

аудандық аумақтық инспекциясының басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT