Аудан әкімі 1 мамыр мерекесімен құттықтады

Құрметті Махамбет ауданының тұрғындары!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызда «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Бірлігі бекем елдің ынтымағы мен достығы, бауырмалдығы татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық екені ақиқат.

Біртұтас Қазақстан халқы - Елбасы мен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың сарабдал саясатын жүзеге асырып келеді.

Біз – қазақстандықтар, рухани жаңғыру жолында экономикалық, саяси даму мақсатында аянбай еңбек етуге тиіспіз. Қазақ елі қазіргі таңда өзіндік бет-бейнесі, берекесі мен бірлігі жарасқан табысты мемлекетке айналған.

Біз – бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында жұмылған қуатты елміз. Біздің басты байлығымыз – қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әр отандасымыздың қастерлі міндеті.

Түрі басқа болғанымен, тілегі бір, жүзі басқа болғанымен, жүрегі бір Қазақстан халқы бірлік пен татулықтың арқасында жарқын болашаққа бет алып келеді. Бүгінде мәдениеті мен салты сақталған бірлік шаңырағында ұйысқан ұлттық мәдени орталықтар достықтың дәлелі болуда.

Қадірменді жерлестер!

Бірлік мерекесі күні сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.

Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымағы мен бірлігі арта берсін!

Р.ДЖАНГЛИШОВ,

аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521