banner_damu

Атыраулық мұғалімдер арасында шахматтан онлайн турнир өтті

Атыраулық мұғалімдер арасында шахматтан онлайн турнир өтті

Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен онлайн турнир өтіп, онда елуге жуық педагог бақ сынасты, деп хабарлайды Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Екі күнге созылған зияткерлік сайыс педагогтерді біріктіру, олардың кәсіби қарым-қатынасы үшін алаң құру мақсатымен жүзеге асты.

- Турнирге өңірдің жалпы орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтерінен құралған жалпы саны 48 педагог қатысты. Алдағы уақытта салауатты өмір салтын насихаттап, интеллектуалды тұрғыдан серпіліс жасау бағытында осындай жобаларды жалғастыру жоспарда бар, - дейді Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының директоры Данагүл Баймашова.

Турнир қорытындысымен І орынды және турнир жеңімпазы атағын Исатай ауданы Аққыстау орта мектебінің мұғалімі Махамбет Ахметқалиев Махамбет иеленді.

Ал жүлделі ІІ орынды Атырау қаласы №38 мектеп лицейінің мұғалімі, "ӨРЛЕУ" БАҰО АҚ тренері Ханат Ихсанов алды. ІІІ орын Исатай ауданы Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектебінің мұғалімі Ержан Бөкеновке бұйырды.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика