Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты деп хабарлайды орталық Иманғали мешітінің баспасөз-қызметі.
Бас имамның айтуынша, бұл жергілікті ақсақалдардың ұсынысы.
«Күзетке ертеректе марқұмның алыстан ағайын-туыстары жиналатын. Сол ауылдың молдалары хатым Құран түсіріп, жаназадан соң Құранды марқұмға бағыштаған. Қазіргі күзеттер ас ішіп, аяқ босататын шараға айналып кетті. Біреу жылап жатса, екінші адам қарқылдап күліп, дүниелік әңгімелер айтып отырады. Бұл марқұмға еш пайда әкелмейтін күзет.«Ажал бардың малын шашады, жоқтың артын ашады» деген сөз бар. Жоқ адам мұндайда несие алып, қарызданып жатады. Бұл қайғылы шаңыраққа одан сайын салмақ түсіру ғой. Күзет мәселесін тоқтатуды ақсақалдар ұсынып отыр. Біз осы мәселені насихаттауымыз керек» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.