Атырауда газ сөндіріледі

Атырау қаласы тұтынушыларының жартысы газсыз қалады.

Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, газды өшіру кезең кезеңімен жүзеге асырылады.

«Алдымен Орал өзенінің сол жағалауында орналасқан шағын аудандарда сөндіріледі. Атап айтқанда, Жилгородок, Привокзальный, Алмагүл және т.б. Жалпы, сөндіру жұмыстары шілденің 23-нен 25 аралығында жалғасады», - делінген хабарламада.

Газбен қамтамасыз етуді тоқтату жоспарлы жөндеу жұмыстарымен байланысты. Бұған дейін жөндеу жұмыстары өзеннің оң жағалауында жүргізілген болатын.

BAQ.KZ

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз