Атырау көшелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Бүгіннен бастап Атыраудың бірқатар көшелерінде көлік қозғалысына бір айлық шектеу қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына Бейбарыс даңғылында жол жаңғырту жұмыстары жүргізілуіне байланысты 20 шілде мен 20 тамыз аралығында көлік қозғалысы шектелетінін ескертеді. Шектеу Махамбет көшесінен Амандосов көшесіне дейін, Бейбарыс даңғылында, Тәңкібаев, Панфилов, Полынин және Аманшин көшелерінде енгізілген.

Уақытша қиындықтар үшін кешірім сұрап, түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз», - деп мәлім етті Атырау қаласының әкімдігі.

Материал ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT