Атырауда азық-түлік пен көкөніс сақтау қоймалары көбеймек

Атырау облысының егін шаруашылығында да ілгерілеу бар. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Айталық, егістік көлемі ұлғайып, 9 327,0 гектарға жеткен. Тамшылатып суару технологияларын пайдалану көрсеткіші де артып отыр. Соның нәтижесінде 155 649 тонна өнім алынған. Бұл – қуантарлық жайт. Сол сияқты, басқарма басшысы барлық бюджеттік бағдарламалар толықтай Qoldau.KZ электрондық жүйесі арқылы жұмыс жасайтынын атап өтті. Айтпақшы, соңғы жылдары қалыптасып келе жатқан тағы бір оң үрдіс – жылыжай өсіруге қызығушылық артуда. Өткен жылдың нәтижесі бойынша көкөністің 2779,1 тоннасын беріп отырған да осы жылыжай шаруашылығы. Осы орайда, тағы бір жақсы жаңалық, Махамбет ауданында салынып жатқан «Жұмағалиева» шаруа қожалығына тиесілі 4 гектар жылыжайдың бастапқы бөлігі наурыз айында пайдалануға берілмек. Биыл «Иманбаев» кәсіпшілігі де 2 гектар жылыжайдың бірінші бөлігі де жұмысын бастайды.

Сонымен қатар, осы ауданда «Темирлан Agro 7661» шаруа қожалығы 55 гектар қарқынды бақ пен тамшылатып суару әдісімен 40 гектар көкөніс өсіру жобасын жүзеге асыруда. Келесі жылы шаруашылық құс өсіруде де қолға алмақшы. Бұдан бөлек, облыста 36,1 мың тонна құрайтын 26 азық-түлік, көкөніс сақтау қоймалары жұмыс жасайды. Биыл тағы да салынады деп сендірді спикер. Брифнг барысында Амангелді Сағидоллаұлы жергілікті тауар өндірушілерді 15 суару-суландыру жүйесі сумен қамтитынын атап өтті. «Қазір коммуналдық меншікке алынған екеуіне жөндеу жұмыстары аяқталып, төртеуі жөнделуде. Қалғандарының жобалық-сметалық құжаттары сараптамадан өтуде. Ал, кезінде иесіз болып, кейін Исатай ауданының коммуналдық меншігіне алынған 5 канал қалпына келтірілмек. Оған қажетті қаржы сұранысы берілді» деді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT