Атырау қаласының аумағы 29305 гектарға дейін ұлғаяды

«Атырау қаласының өсу бағытына сәйкес, Талғайраң ауылында көптеген әлеуметтік нысандар салу жоспарлануда» деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Бүгінгі күні 24 үйдің құрылысы жүргізілуде. 46 үйдің жобасы, 280 орындық 2 бала бақша және 900 орындық мектептің жобасы дайын. Жалпы, Талғайраң ауылы маңынан 2018 жылы 100 гектарға және 2019 жылы 1300 га жерге егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы жасақталды. Тұрғын аумақта 110 000 адам қоныстануға мүмкіндік бар» деп атап өтті Атырау облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы Гүлбаршын Арыстанова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Еске сала кетелік, Атырау қаласының бас жоспарына сәйкес, қаланың құрамына 18 ауыл, соның ішінде, қала маңындағы 16 елді мекен (Балықшы, Жұмыскер, Рембаз, Ракуша, Ақжайық, Водников, Көкарна, Құрсай, Геолог, Бірлік, Новокирпичное (Береке), Томарлы, Ақсай, Ақжар, Талғайраң селолары, Теңдік разъезді) және Махамбет ауданының 2 ауылы (Алмалы, Береке) енгізілді. Келешекте қаланың аумағы қосымша 29305 гектарға дейін ұлғаяды деп күтілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз