banner_damu

Қазақстанда жұмыссыздар саны азайды

2021 жылдың I тоқсанында Қазақстандағы жұмыссыздар саны өткен жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда 1,7 мың адамға азайды.

Коронавирус пандемиясы кезеңінде шектеу шараларына қарамастан, Қазақстанда жұмыссыздық деңгейінің өсуі тіркелген жоқ. Мәселен, 2021 жылдың I тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 0,1%-ға жоғары. Салыстыру үшін, пандемия кезеңінде дамыған елдерде жұмыссыздық деңгейінің күрт өсуі байқалды: АҚШ-та 8,1%-ға дейін (+4,4%), Канадада 9,6%-ға дейін (+3,9%), Испанияда 15,5%-ға дейін (+1,4%.). Сонымен қатар, ағымдағы жылдың I тоқсанында Қазақстанда жұмыспен қамту экономиканың барлық салаларында қалпына келтірілді, өсім орта есеппен 1,8%-ды құрады.

ҚР Үкіметі қабылдаған дағдарысқа қарсы жоспарлы шаралар пандемияның еңбек нарығына салдарын теңестіруге мүмкіндік берді. Тек 2020 жылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде жұмыспен қамтудың түрлі шараларымен 1,4 млн-нан астам қазақстандық қамтылды. Ағымдағы жылы халықты жұмыспен қамту бойынша кешенді жұмыс жалғасатын болады. Жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген қазақстандықтар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады, жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмысқа орналасуда білікті көмек ала алады.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика