Аудан әкімі Р.Жанқылыштың төрағалығымен "Казавтожол" РМК-ның қызметкерлерімен және жобалаушы мекеме мамандарымен жиналыс өткізілді.
Жиналыстың күн тәртібінде "Атырау-Орал" тас жолын кеңейту арқылы 4 жолақты жол құрылысы жобасы қаралды. «Казахский Промтранспроект» ЖШС бас инженері М.Мусаев, А.Ошанов, инженер жобалаушы В.Скрипкин және ауыл әкімдері қатынасты. Жиналыста болашақта салынатын жолдың жобасындағы мал өтетін туннелдер, әжетханалар, развязкалар, жарық шамдары, карьер мәселелері қаралды.
Аудан әкімі жиналысты қорытындылай келе жобаға енгізілуге тиісті жұмыстарды ауылдық окугтегі қоғамдастық жиналыстары арқылы нақтылауды тапсырды. Жобалаушыларға округтардағы қоғамдастықтармен бірігіп мал өту пунтерін нақтылауға ұсыныс берiлді.
Өз тілшіміз