Ақтоғай ауылындағы игерілмеген жерлер қайтарылуда

Ақтоғай ауылдық округінің әкімі Гүлайна Ерғалиева ауыл тұғындары алдындағы есебін өткен жылы атқарылған жұмыстарды баяндаудан бастады.

-«Жергілікті өзін –өзі басқаруды қаржылық қолдау» басымдығы бойынша 2021 жылғы бөлінген қаржыға, Ақтоғай ауылының кіре берісіне «Ақтоғай ауылы» деген белгі орнату жұмысы жоспарланған болатын. Алайда, 20.05.2021 жылғы жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына сәйкес бұл белгіні ауылдың жастары қолға алуына байланысты бөлінген қаржыны таза су қондырғысының бірінші көтерілімін қоршау жұмыстарына жұмсау қоғамдастық мүшелерінің келісімімен бірауыздан мақұлданып, бұл жұмыстар атқарылды. Сол сияқты Сарытоғай ауылында орналасқан таза су қондырғысынан Бала Ораз елді мекеніне таза су желісін тарту үшін 1500 метр жерге жобалық сметалық құжаттарын жасақтауға 5600.0 мың қаржы бөлініп, мәселе оң шешімін табатын болды. Ал, мектеп жанынан жасанды төсеніші бар ашық спорт алаңы мен тренажер алаңын салу жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша жобаның мерзімі өтуіне байланысты, түзету енгізуге аудандық бюджеттен  қосымша қаржы қаралып, мәселе оң шешімін табуда. Көшелерді  жарықтандыру желілерінің құрылысын салу мәселелері бойынша жаңадан 150 нүктеге түнгі көше шамдарын жүргізуге 8 млн 600 мың теңге жобалық сметалық құжаттарын жасау үшін қаржы бөлуге  сұраныс берілді.Қаржы мәселесі шешілген жағдайда жұмыстары іске асырылатын болады – деді ауыл әкімі.

aa212c85-66aa-4eae-8225-dfcb637124fc

Баяндамадан білгеніміз өңір экономикасының негізгі тірегі ауылшаруашылығы болғандықтан, жетекші сала әрдайым басты назарда ұсталған.  Округ бойынша барлығы 88 шаруа қожалығы тіркелген, оның ішінде қазіргі таңда жұмыс жасап тұрғаны – 54, мал шаруашылығымен–41,егін шаруашылығымен–13-і айналысады.

df5f5c6a-7a8a-4172-8af7-0222feb83e23

Округ бойынша жайылымдық жер көлемі 20172 га құрайды. Оның ішінде жеке меншік – 26 (11 769 га), жалға алушы – 32 (6 283 га), уақытша- 30(3 121 га) жер пайдаланылып отыр.

Жерді нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбай отырған барлық жер  пайдаланушылармен кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде бір жер пайдаланушы өз еркімен жерін үстіміздегі жылы қайтаратынын айтқан.Округ бойынша өткен жылы шаруа қожалықтары мен жеке қожалықтар бойынша барлығы – 560  гектар жерге егін егілген. Мал  бастарында 3 пайызға дейін өсім бар.  Тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны – 36,  жеке кәсіпкерлер – 12.

617cfbf1-31b1-499b-a188-f3d042590604

  «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында, ауылдың көп балалы отбасылар ауыл, аудан, қала орталығынан пәтерге ие болса, Тәуелсіздік күні  қарсаңында «Nur Otan» партиясының  сайлауалды бағдарламасына сәйкес, көп балалы Қанатовтар отбасына баспананың кілті табысталған.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі айтылған мәселелерді шешу үшін жұмыстанатынын жеткізді. Бұған қоса ауылға қарасты аймақта мал өсіріп, егін салып табыс тауып отырған кәсіпкерлер ауыл халқына өнімін ешқандай делдалсыз төмен бағада сатуы қажеттігін тапсырды.

Б.СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT