Биылғы наурыз айының 1-нен бастап Атырау -Алға ауылы бағытында жолаушылар тасымалдайтын автобус қызмет көрсете бастайды.
- Жақында Атырау облысы Ақжайық автопарк басшысы Қ.Қалманмен кездесіп, Алға ауылдық округіне 3 заманауи автобуспен қатынап, ауыл халқына қызмет көрсетуі бойынша келісім жасадым. Қала мен ауыл арасында автобустар сағат сайын кедергісіз қатынайтын болады. Оның жолақысы да қымбат емес. Жергілікті таксилерден екі есе төмен. Мәселен, қоғамдық көлікпен Атырауға бару үшін тұрғындар бар-жоғы 150 теңге болса, смаркартамен 80- теңге арқылы қатынайтын болады.
Сондай-ақ зейнеткер,көпбалалы ана,студент және оқушылар үшін де арнайы смарткарталарымен жеңілдіктер қаралған. Заманауи автобус ішінде халықтың жағдайын жасау мақсатында ұры қарылармен жолақы төлемей кету тәртіпсіздіктерін арнайы камералар арқылы бақылайтын болады. Бұл халықтың кедергісіз,қауіпсіз ауыл мен қала арасында қатынауы мақсатында жасалып жатырған жұмыс деп есептеймін. Ауылдан таңғы 07:00 -де Алға орта мектебі алдындағы тұрақтан қозғалады және соңғы аялдама да сол болмақ. Әзірге жол жүру кестесі жасақталып бекітіліп жатыр, -дейді Алға ауылдық округінің әкімі Расул Мусин.
К.САПАР