Атом электр стансасы – бейбіт мақсатта

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелер көтерді. Президент энергетика және коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жыл соңына дейін бекіту керегін ашып айтты.

Ауылдар мен қалаларды инфрақұрылым, газ, энергиямен қамтамасыз ету ба­сты міндет. Осы салаларда тапшылықты жойып, қажеттіліктерді өтеу шараларының қабылдануы, Президент айтқандай ауылдардың жабылуына әкеп соғуда.

Жыл сайын энергетика және коммуналдық шаруашылық саласына қыруар қаржы бөлінді. Одан бөлек, тариф есебінен тарты­латын монополистердің салаға салатын инве­стициясы тағы бар. Алайда тариф өскенмен жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатырған жоқ. Ал тұтынушылар мен эконо­мика өскен сайын энергияға сұраныс артып жатыр.

Әлем ішкі сұранысты атом энергетикасы арқылы қамтамасыз етуде. Дамушы мем­лекеттерде бір емес, бірнеше атом элек­тор стансалары жұмыс істеп тұр. Ал бүгінгі таңда жұмыс жасап тұрған ЖЭС-тері қажетті энергияны өндіруге жарамайды. Себебі белгілі, тозығы жеткен құрылғылар. Олардың өзін халықаралық талапқа сай көмірден экологиялық отынға көшіру керек. Газ қоры қашанға жетері де белгісіз. Сондықтан атом энергиясын дамыту маңызды болып тұр.

Қара ақылға салып қарасақ, көмірден шыққан түтіннен қаншама улы зат ауаға та­рап жатыр. Дәлелдеуді керек етпейді. Ал сәл жел тұрса жарық сөнеді. Бұл жоғарыда айтқан ескі құрылғылардың әлсіздігі. Тіпті тазарту жүйелері жақсы жолға қойылған стансалар қуаттылығына қарай жылына атмосфераға 7-ден 120 мың тонна аралығында күкірт, 2-ден 20 мың тонна аралығында, азот, жүздеген мың тонна күл, 3-тен 7 млн тонна аралығында көміртек газын шығарады. Осылардың құрамында адам ағзасына зиян сынап, кад­мий, қорғасын бар. Осыдан-ақ көзілдіріксіз көзге көрініп тұр. Ненің зиян, ненің пайдалы екені дәлелденіп-ақ тұр.

Бір таңқаларлығы әлем бойынша 415 ядроның реактор пайдаланып отыр. Ал, тағы 60 реактордың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Нақтылап айтар болсақ, АҚШ-та 94, Францияда 56, Жапонияда 12, Ресейде 36, Оңтүстік Кореяда 26 ядролық реактор жұмыс жасап тұр. Ал бізде екі ірі ғылыми орталық болса, оның бірі Курчатов қаласында, ядролық физика институты Алматыда орналасқан.

Тағы бір ерекше айтатын нәрсе, Қазақстан уран өндіру саласында әлемде екінші орын алады. Сол байлықты неге болашақ үшін пайдаланбасқа?! Ойлап қарасақ энергия өзімізден шығатын болса, сөз жоқ энергия бағасы арзандайды ғой. Меніңше, көп адам Чернобль, Жапониядағы атом жарылыста­рынан көздері қорқып қалған сияқты. Алайда қазіргі технологияда барлық сақтық шаралары жоғарғы дәрежеде сақталған. Халықаралық ұйым мамандарының айтуынша, заманауи ре­акторды бұрынғымен салыстыруға болмайды.

Міне, осы ойды түйіндей келіп, болашақта жарық тапшылығына ұшырамау үшін атом электор стансасын салуды қолдау керек. АЭС Қазақстанның тұрақты дамуы үшін қажетті таза энергияның сенімді көзі. АЭС салу еліміздің энергетикалық тәуелсіздігі мен экономикалық өсімін қамтамасыз етумен бірге жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірге инвестицияларды тартады. Жұмыс орыны ашылуы сол орынға сай мамандар даярланады. Ол дегеніміз жаңа оқу орындарын ашып, энер­гетика саласына қажетті мамандарды көптен даярлауды талап етеді. Жаңа Қазақстанның озық ойлы, білімді, техникаға жетік жастары көбейеді.

Тағы бір атап кететін мәселе, қоршаған ортаға зиянды қалдықтардың аз таралуына жол ашылуы. Атом саласында мол тәжірибесі бар еліміз, бұл жобаның қауіпсіздігіне кепілдік береді. Біздің ғалымдарымыз «техникалық физика», «ядролық физика» деген атау­мен даярланады. Алдағы уақытта еліміздің алдыңғы қатарлы КазҰУ мен ЕҰУ сияқты университеттерінде де арнайы мамандарды даярлайды.

Жоғарғы оқу орынындағы студенттер ин­ститутта ғылыми- жұмыстарын жасауға, оқудан бос уақытында қондырғыларды жұмыс тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік алады. Осы жылы білім алушылар контингенті 253 адамды құрайды, ал кейінгі 12 жылда 1600-ден астам маман даярланады. Сондай-ақ кәсіптік техникалық училищелерді де қайта бейімдеу көзделуде. Бір кезде елімізде заңгерлер мен экономистер көптеп даярланды. Олардан өндіріс орындарына тиер пайда шамалы еді. Уакыт өте келе сол мамандықтар керексіз болып, қосымша мамандыққа оқуларына тура келді. Осындай қайшылық болмас үшін мамандық таңдауда мектеп түлегі кезінен ба­стап дайындау керек. Жастар арасында тех­ника, энергетика, газ-мұнай, ветеринария са­ласына көптеп баруға насихаттау керек. Бұл да Президентіміздің Жолдауындағы айтылған тапсырмаларының бірі. Өйткені «істі маман шешеді» деген қанатты сөз бұрыннан бар.

АЭС-салуға құрылысшы керек болса, оны салып бітіргенше ішінде жасайтын инже­нер-техниктер дайын болады. Сол кезде шет елден маман шақырып әуре болмаймыз. Тек осы салаға құштар жастарды тәрбиелеу керек. Болашақ экологияға зияны жоқ, тұтынушыға арзан, таза электр энергиясын елге емін- еркін тарататын жастарымыз көп болсын. Елдің ертеңін ойласақ, АЭС салуға қолдау көрсетуіміз керек.

Аманкелді ЕСЕНҒАЛИЕВ,

зейнеткер

Жалғансай ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT