2024 жылдың 20 қыркүйегінде сағат 10-00 да "БЖЗҚ" АҚ Атырау облыстық филиалы "Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы және жинақтау жоспары" тақырыбымен онлайн-форматта ашық есік күнін өткізеді.
БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақыны болжау және жоспарлау үшін ыңғайлы құралдар - "Зейнетақы калькуляторы" және "Зейнетақы жинақтарының жеке жоспарымен" танысуға ниет білдіргендердің барлығы шақырылады. Бұл құралдардың көмегімен сіз өзіңіздің болашақ зейнетақыңыздың болжамды мөлшерін алдын ала есептеп, оны ұлғайту жоспарын қалыптастыра аласыз.
Шараға қатысушылар негізгі күн тәртібінен басқа жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы барлық мәселелер бойынша білікті мамандардан кеңес ала алады. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.
Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mdd3dc2fe79336ac4a97cc95493c2fd16.
Event-мәжіліс нөмірі: 2519 822 7279
Event-мәжіліс құпиясөзі: 123456