2025 жылғы 15 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Салық кодексіне (Қазақстан Республикасының бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталған Заңға сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап бұрын жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңіне жатқызылған азаматтардың бір бөлігі, шетелде мүлкі бар тұлғаларды қоспағанда, жалпыға бірдей декларациялаудан босатылды.
Осы өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің келесі бұйрықтарына түзетулер енгізілді:
– 250.00 СЕН бойынша – 2025 жылғы 13 қазандағы №595 бұйрықпен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы №617 «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2025 жылғы 14 қазанда №37112 болып тіркелген);
– 270.00 СНО бойынша – 2025 жылғы 24 қазандағы №624 бұйрықпен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі №927 «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2025 жылғы 24 қазанда №37228 болып тіркелген).
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыруға міндетті тұлғалар Салық кодексінің 630-бабының 2-тармағында айқындалған, ал декларацияда көрсетілетін мәліметтер 631-бапта белгіленген. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыруға міндетті тұлғалар Салық кодексінің 633-бабының 1-тармағында көрсетілген, ал декларацияда қамтылатын мәліметтер 634-бапта көзделген. Аталған нормативтік құқықтық актілер «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 18 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді. Осыған байланысты 250.00 және 270.00 декларация нысандары, сондай-ақ оларды толтыру қағидалары 2026 жыл үшін 2027 жылы ұсынылатын салықтық есептілік нысандарының тізіліміне енгізілді. Бұл нысандар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы №695 «Салықтық есептілік нысандарын, оларды толтыру бойынша түсіндірмелерді және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілді (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2025 жылғы 12 қарашада №37390 болып тіркелген).
Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес, 2026 жылы жеке тұлғалар үшін екі салықтық есептілік нысаны көзделген:
– жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация – 250.00 нысаны;
– жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация – 270.00 нысаны.
Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00 нысаны) тапсыруға міндетті тұлғалар санаты және оны толтыру ерекшеліктері Салық кодексінің 417-бабымен айқындалған. Аталған декларацияны тапсыру мерзімі – есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегіне дейін.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) тапсыруға міндетті тұлғалар санаты Салық кодексінің 422-бабының 2-тармағында белгіленген, ал оны толтыру ерекшеліктері 423-бапта көзделген. Осы декларацияны тапсыру мерзімі – декларация тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін.
Р.ЕСПУСИНОВ,
Махамбет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының
Салық төлеушілермен жұмыс және бақылау бөлімінің бас маманы
Декларация нысандарындағы өзгерістер
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 19



