Астанадан жүлделі оралды

18-20 сәуір күндері аралығында Астана қаласында шағын футбол­дан 2011-2012, 2013-2014 және 2015-2016 жылы туған жасөспірімдер арасында «Көктем CUP» республикалық турнирі өтті.

Аталған жарысқа Махамбет аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің футбол бөлімінің спортшылары қатысып, жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, ІІ орынды жеңіп алды. Сондай-ақ футбол бөлімінің тәрбиеленушісі Саян Самат шеберлігімен көзге түсіп, «Үздік қорғаушы» аталымына ие болды.

Жас футболшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушылар – Асқар Алдешов, Әділет Идрисов, Шыңғыс Мұханғалиев және Диас Ғабдоллажан

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT