ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30 сәуір күні аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаевтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібінде аудан аумағындағы заңды тұлғалардың жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектері, денсаулық сақтау ұйымдарында орын алған әлеуметтік-еңбек жанжалдары, сондай-ақ еңбек заңнамасының бұзылуын болдырмау бағытында қабылданған шаралардың тиімділігі қаралды. Сонымен қатар, «Парыз», «Еңбек жолы» конкурстарына дайындық барысы да талқыланды.

Аудан әкімі жиын барысында жауапты мекемелерге бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT