Ашық терезе балаға қауіп төндіреді

Соңғы уақытта балалардың терезеден құлау жағдайлары жиілеп кетті. Статистикаға сәйкес, Атырауда жыл сайын терезеден құлау фактісі бойынша 5-6 бала көз жұмады. Көп қабатты тұрғын үйде терезеден құлау балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Негізгі себеп – оңай ашылатын заманауи пластикалық терезелер. Егер мұндай терезе тек москит торымен жабдықталған болса, ол екі есе қауіпті болады. Кішкентай балалар тіпті бір сәтке қараусыз қалса да терезеден құлап, қауіпті жарақаттар алады. Мұның себебі – ересектердің абайсыздығы.

Құрметті ата-аналар, жазатайым оқиғадан ешкім қауіпсіз емес! Сондықтан қарапайым ережелерді есте сақтаңыз.

  • Пәтердің терезесін ашпас бұрын балаңыздың терезеден алшақ жерде жүргеніне назар аударыңыз.
  • Бөлмені желдету үшін желкөзді ғана ашыңыз, дегенмен терезені түгел ашатын болсаңыз, 10 см артық ашпаңыз, ол үшін шектеуші құрал қойыңыз.
  • Балаңызға үлкендердің қарауынсыз балконға шығуына рұқсат етпеңіз.
  • Пәтерде ұйықтап жатқан баланы жалғыз қалдырмаңыз. Сәби оянып кетіп, ашық тұрған терезеге шығып кетуі мүмкін.
  • Терезенің алдына жиһаз қоймаңыз.
  • Балаңызға терезенің қалай ашылатынын көрсетпеңіз.
  • Балаңызға терезеден, балконнан далаға қарау үшін аяқ астына орындық не­месе басқа да заттарды қойып қарауды үйретпеңіз. Ол сыртқа ұмсына қарап, құлап кетуі мүмкін.

Ең қауіптісі – москитты торлар. Бала оған сүйенем дегенде, тормен бірге құлап кетуі мүмкін, олар бір жастағы баланың да салмағын көтеруге арналмаған. Егер 5 – 7 жастағы балаңыз үйде жалғыз қалуға қорықса, аз ғана уақытқа да қалдырмаңыз.

Есіңізде болсын! Балалар үшін терезелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің түрлі құралдары бар. Олардың кейбірінің құны қолжетімді. Балалардың өмірінен қымбат еш нәрсе жоқ.

Төтенше жағдайлар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT