Архив майталмандары ардақталды

Аудандық архив мекемесінің ұйымдастыруымен 22 желтоқсан – Архившілер күніне орай «Архив майталмандары» атты сала ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында архив саласында еңбек еткен Сүндетқали Аманғалиев пен Талшын Шапауованың жеке тектік құжаттарынан көрме де ұйымдастырылды.

Шараға архив саласының ардагерлері – басшылық қызметте болған Тыныштық Үмбеталиев, Амангелді Андашев, Әзмұхан Есенғалиев және архив жұмысына атсалысқан Зоя Молдабаева, Лариса Ли қатысты. Көрме-кездесуді архив басшысы Бота Ғасырбекқызы ашып, ардагерлерді мерекемен құттықтады. 

Кездесудің мақсаты – ардагерлердің архив саласында еңбек еткен жылдардағы ел үшін атқарған ерен еңбектерін жас мамандарға үлгі ету, қоғамдағы архившілер еңбегінің маңыздылығын насихаттау, ардагерлерге құрмет көрсету. Шара соңында архив филиалы атынан ардагерлерге Алғыс хат пен гүл шоқтары табысталды.

 
І.АЙСИНА, 
аудандық архивтің архившісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT