Келешек «Қуатты Қазақстанның» қолында!

Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президенті сайлауының алдында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Атырауда болып, өңір жұртшылығымен кездескен болатын.

Президентпен кездесуге ауданымыздың сайлаушылары атынан өкіл болып барған бір топ белсенділері құрамында еңбек ардагері ретінде мен де болдым. Сол кездесуде осы жылғы халыққа Жолдауынан туындаған өзінің сайлауалды тұғырнамасымен танытра келіп, атыраулықтар алдында тұрған жаңа еңбек асуларының басым бағыттарын атап көрсетті.

Кеше ғана өткен Президент сайлауында біздің ауданның ардагерлері белсенділік танытты. Жасы сексеннен асса да өздері келіп дауыс бергендер де, үйінде отырып, таңдауын жасағандар да табылды. Бұл дегеніңіз ақылы дария ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарымыздың болашақ ұрпаққа деген үлкен сенімінің айқын көрінісі. Біз Қасым-Жомарт Кемелұлының алдағы жеті жылдық кезеңдегі даму барысы туралы пайымдарын толықтай қолдаймыз. Медицина саласының ардагері ретінде ұлт саулығы үшін алаңдайтыным рас.

Елімізде Президенттің тапсырмасымен «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырутөңірегіндегі үрмеул мәселелер де біртіндеп шешімін тауып жатыр. Бүкіл әлемді жайлаған қатерлі індетті де ел болып жұмыла жеңдік. Енді келешек Қуатты Қазақстанның қолында екеніне сенемін. Жастарымыз, дені сау ұрпағымыз, дені сау ұлтымыз, әділетті басшымыз барда болашаққа үлкен үмт күтеміз.Экономикасы, медицинасы дамыған, бәсекеге қабілетті, тұрақты мемлекет ретінде өзімізді мойындаатын күнге де жеттік. Ел болып таңдау жасаған сайлауда басшымыз әділ жеңіске жетті және осы жеңістің артында Қазақстанды үлкен өзгерістер күтіп тұр деп ойлаймын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT