Аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында аудандық ардагерлер кеңесінің жаңа төрағалығына Ермек Сабировты тағайындауға арналған жиын өтті.
Оған ауылдық округ әкімдері онлаин түрінде қатысты. Аудан әкімі Ж.Ахметов облыстық «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Қ.Ризуановтың қатынас хатының мәтінін оқып, таныстырды.
Жиынға қатысушы пленум мүшелерінің бір ауыздан дауыс беруінің нәтижесінде Е.Сабиров аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары болып Қ.Сисенов бекітілді. Жиынға қатысушылар жаңа ардагерлер кеңесінің төрағасы мен орынбасарына құттықтау тілектерін арнап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Е.Сабиров «Махамбет ауданының құрметті азаматы», «Алтын дәрігер» төсбелгісінің иегері.
«Жайық-Ақпарат»