Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

«Бұл туралы ол өзінің фейсбук және инстаграм парақшасында жазды»,-деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аймақ басшысы Атырау қаласындағы «Геолог емханасына» барып, Қарағанды фармацевтика зауытында шығарылған "Спутник-V" вакцинасын салдыртқан.

«Құрметті жерлестер! Вакцина алу арқылы ғана ұжымдық иммунитет қалыптасып, қауіпті індеттен толық құтылатынымызды түсінгендеріңіз маңызды. Қазір өңіріміз қызыл аймақта тұр. Сақтық талаптарын сақтай отырып, сіздерді де вакцина алуға шақырамын. Жақындарамыз бен айналамыздағыларды қорғау да, өздеріңіздің қорғануларыңыз үшін де — коронавирусқа қарсы вакцина алу өте маңызды»,-деген Махамбет Досмұхамбетов қауіпті індетпен күрісіп әрі вакцинациялау жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатқан медицина қызметкерлерінің барлығына алғысын білдірген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521