Ақтоғай ауылында мешіттің іргетасы қаланды

Қасиетті құрбан айт мерекесінің екінші күні Ақтоғай ауылында жаңа мешіттің іргетасы қалануына орай, құрбан шалынып, Құран оқылды.

Жоспарға сәйкес 150 адамды қамтитын мешіт құрылысы жыл аяғында аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, мешіт жанынан имам үйі мен таһаратхана салу да жоспарланып отыр. Аталмыш шараға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы келіп қатысып, мешіт құрылысының сәтті аяқталуын тілеп, ел амандығы үшін дұға жасады.

- Мешіт – тәрбиенің, руханияттың қайнар көзі. Азаны бар ауыл азбайды. Іргетасы қаланып жатқан мешітіміз ұлдарымыздың иманды, қыздарымыздың ибалы болып өсуіне ықпал етеді деп сенемін. Біздің мақсатымыз – батагөй қарттарымызды мешіт жанына топтастырып, дініміз бен дәстүрімізді, тарихымызды насихаттау арқылы, ұрпақ тәрбиесі, қоғам тұрақтылығына үлес қосу”, - деді Атырау облысының Бас имамы А.Ұтысханұлы.

Б.САПАРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз