Махамбет ауданына қарасты Ақжайық, Есбол, Сарайшық және Бейбарыс ауылдық округтерінің әкімі сондағы тұрғындардың тікелей дауыс беруі арқылы анықталмақ.
2021 жылдан бастап ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында тапсырма берілген болатын. Сарайшық ауылдық округіндегі №223 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берушілер таңмен таласа ағылды. Қазіргі күннің өзінде 80-ге жуық ауыл тұрғыны өз таңдауын жасады. Сайлау учаскесінде барлық санитарлық талаптар сақталған.
- 1304 сайлаушы тізімге енген. 80-нің үстінде ауыл тұрғыны келіп дауыс берді,- дейді №223 сайлау учаскесінің төрағасы Жанболат Сұлтанғалиев.
Қ.АЙТҚАЛИЕВ