Сенатор Махамбет ауданында іссапармен болды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сағындық Лұқпанов іссапармен Махамбет ауданында болды.

Ақжайық ауылында бой көтеріп жатқан «Жұмағалиева Н» шаруа қожалығының жылы- жай құрылысымен танысып, жұмыстарына сәттілік тіледі.Түрік технологиясымен салынып жатқан жылыжайдың жалпы аумағы – 22 гектар. Оның 4 гектары осы жылдың IV тоқсанында пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда қаңқасы құрылып, электр және газ желісі тартылған нысанда жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтитын болады.

Көкөніс өнімдерін өндіруді мақсат еткен, жалпы құны 1,4 млрд теңге құрайтын жоба келешекте жылына 350 тонна қияр, қызанақ өнімін алмақ ниетте. Кейін сенатор Махамбет ауданының орталығында салынып жатқан 160 орындық спорт кешенінің құрылысымен де танысты.

tep23721

350 миллионға жуық қаржы бөлінген бұл нысанның құрылысын негізінен мердігер компания өз қаржысына жүргізіп келеді. Оған өткен жылы Мақтааралға материалдық көмек ретінде бюджет қаржысының біраз бөлігі жолдануы да себеп болған. 2019 жылы жылы басталып, өткен жылғы пандемияның кесірінен құрылысы тұралап қалған нысан биылғы жылы аяқталады деп күтілуде.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз