Жуырда «Amanat» партиясы аудандық филиалында актив отырысы өткен еді. Мәжіліске Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Қ.Мергенбайұлы, облыстық мәслихат депутаты Е.Мусаұлы, комиссия мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары қатысты. Жиынды «Amanat» партиясы аудандық филиалы атқарушы хатшысы Р.Әженов ашып, жиналғандарға облыстан келген меймандарды таныстырып, актив отырысында қаралатын мәселелерге тоқталды.
Алғашқы сөз кезегі партияның Махамбет аудандық филиалының атқарушы хатшысы Р.Әженовке жолданды.
-Бүгінде аудандық филиалда 11 бастауыш партия ұйымына біріккен 1693 партия мүшесі бар. Партияны қайта жаңғырту бағдарламасының басты міндеттерінің бірі-депутаттық фракциялар жұмысына жете мән беріп, депутаттардың жауапкершілігін түбегейлі күшейту болып табылады. Депутаттық фракция аудандағы әлеуметтік-экономикалық саясатқа әсер ететін партияның негізгі құралы, өз сайлауалды уәделерін жүзеге асырудың сенімді механизмі. Партия қатарына өткен жылғы сәуір айында 38 жаңа мүше қабылданды. Нысаналы трансферт бойынша жыл басынан бері 685809, 80 теңге түсіп, 7 бастауыш партия ұйымынан 683722 теңге шығысталып, құжаттары тапсырылды. VIII шақырым мәслихаттағы депутаттық фркациялардың 5 мәжілісі өтіп, онда 5 мәселе қаралып, 22 ұсыныс мемлекеттік органдарға жолданып, оның 20-ы орындалып, 2-і орындалу үстінде. Депутаттық фракцияның мүшелері бекітілген кестеге сай «депутаттың қабылдау күні» аясында қоғамдық қабылдаулар жүргізіп келеді. 2024 жылдың 12 айында депутаттық фракция мүшелері 33 қоғамдық қабылдау өткізіп, 45 тұрғынның арыз- шағымы қаралып, оның ішінде 27-і оң шешімін тапты. Жыл ішінде 22 депутаттық сауал жолданып, оның 18-і оң шешіліп, қалған 4 сауалдың орындалысы бақылауға алынды. Халықтың әр әлеуметтік тобымен қабылдаулар аясын кеңейту, бастауыш ұйымдардағы жеке қабылдаулар кестесіне үнемі мониторинг жүргізу тәжірибесі енгізілді. 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламада 41 іс-шара жоспарланды. 2024 жылға 34 іс-шара жоспарланып, оның 30-ы орындалып, 4-і орындалмады. Атап айтсақ, біріншісі аудан бойынша жас кәсіпкерлерге 2,5 пайызбен несиелер беру бойынша 2024 жылға қаржының бөлінбеуіне байланысты. Екіншісі- ауыл шаруашылығында 4 млрд теңге болатын 3 инвестициялық жоба өткен жылы өр суынан «Айдана-агро» шаруашылығы инфрақұрылымы зар- дап шекті, құрылыс аяқталу мерзімі 2025 жылдың мамырына өзгерді. Үшіншісі- Махамбет ауылындағы 4,5 шақырым, Алға ауылындағы 3,2 шақырым Жайық өзені жағалауын бекіту, нығайту жұмыстары жүргізілуде. Күні бүгінге дейін Махамбет ауылының жаға бекіту жұмыстарының 45 пайызы орындалды. Төтенше жағдайға байланысты тоқтап қалды. 2024 жылға бөлінген қаражат кемітіліп, 2025 жылға жоспарланды. Төртіншісі-мәдени нысан, Аққайың СВА құрылысы. Бағдарламадағы тапсырмалардың орындалуын бақылауды қоғамдық кеңес мүшелері, партия фракциялары, жеке бекітілген депутаттар жүзеге асырды. Мемлекеттік, құқық қорғау органдары басшыларымен 34 қоғамдық қабылдау өтіп, 42 тұрғынның арыз-шағымы қаралды. Оның ішінде 21-і оң шешімін тапты. Үш мобильді қоғамдық қабылдаулар 28 тұрғынның арыз-шағымын қарады. Енді партиялық жобаларға тоқталсақ. «Жер аманаты» жобасы аясында заңсыз жекешелендірілген немесе пайдаланылмай жатқан жерлер мен жайылымдарды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы Махамбет ауданы бойынша 7503 га жер учаскесі ауданның жер қорына қайтарылды (А.Ищанов-2000, 5000, М.Хайруллин-198, А.Искакова-5, Қ.Сарсенбаев-500). 2024 жылы жұмыстар баяу жүрді. Себебі, алынған жер телімдері жекеменшік жер қорына берілген. «Ауыл аманаты» жобасы аясында аудан тұрғындарына, кәсіпкерлерге, белсенді жастарға арналған мобильді топтың қатысуымен көшпелі кездесулер, «ашық есік» күні өткізілді. 2023 жылы 35 тұлға өтініш берсе, 29 кәсіпкер 231610, 0 мың теңге несие алып, өз кәсібін ашты. Биыл 73 тұлға 673790,0 мың теңгеге несие алуға өтініш берді. «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы бойынша 12 ай ішінде 5 шара өтіп, 67 адам қамтылды. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы бойынша 2024 жылы 12 айда 4 іс-шара өтіп, 64 адам қамтылды. Аудан аумағындағы көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасы, жетім және жартылай жетім, мүмкіндігі шектеулі 44 отбасының 74 баласына қолдау көрсетілді. «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында партия жанынан мониторингтік топ құрылды. Аудан бойынша 14 нысанға мониторинг жұмыстары жүрігізіліп, 14 нысан да талапқа сәйкестендірілді. Бұл зерделеу жұмыстарының орындалуы партияның тікелей бақылауында болады. «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында 510 тұрғын курсқа қатысып, сертификатқа ие болды. Атқарылған жұмыстардың барлығы аудандық «Жайық шұғыласы» газетінде, әлеуметтік желілерде жарияланды, -деп Руслан Болатұлы өз баяндамасында жыл бойы атқарылған жұмыстарға нақты тоқталды.
Филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясының жұмысы туралы төраға Э.Еспусинова баяндама жасады. Ол 12 ай ішінде бес отырыс өтіп, 26 ұсыныс тиісті мемлекеттік органдарға жолданғанын, ол ұсыныстың 20-ы орындалып, 6-ы орындалу үстінде екенін айтты. Махамбет ауылында жаға бекіту жұмыстарына, 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысына комиссия мүшелері барып, қадағалау жұмыстарын жүргізгенін еске салды. 2024 жылдың 12 айында қоғамдық қабыдауға 255 арыз-шағым тіркеліп, оның 121-і оң шешімін тапты.
Бақсай ауылдық округінің әкімі Е.Сұлтанов та баяндама жасап, округ бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Бақсай каналының тайыздалып қалған жерлері тереңдетіліп қазылып, шлюздерді жөндеу 2023 жылы атқарылғанын, канал аумағындағы 4,5 км бөлігі қамыстан тазартылып, тереңдетілгенін айтты. Көздіғара елді мекеніндегі емхана 2023 жылы пайдалануға берілген.
Аудандық емхана теңгеріміндегі емханада үш адам (1 дәрігер, 1 фельдшер, 1 тазалықшы) қызмет атқарады. Емхана толықтай іске қосылған, су, жарық, газы бар. Таңдай ауылындағы 150 орындық дене шынықтыру кешені құрылысы 2023 жылы қарашада басталды, бүгінде шатыры жабылып, ішкі жұмыстары жүруде. Нысан 2025 жылдың мамырында аяқталады деп күтілуде. Құрылысты жүргізіп жатқан «Сұңқар құрылыс» ЛТД ЖШС. Ауылға жаңа мәдениет үйі қажет. Бақсай мәдениет үйі 1967 жылы кинотеатр үлгілік жобада салынған. Онда ауылдық кітапхана бірге орналасқан. Мекемеге 2010 жылы «ҚазМұнайГаз» мекемесі демеушілігімен күрделі жөндеу жүргізілген. Ғимараттың жалпы көлемі – 527,4 шаршы метр. Ауылға жаңа мәдениет үйін салуды сұрап, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне сұраныс хат жолданды. Алдағы уақытта бұл мәселе шешімін тапса деген ойдамыз. Ауылда салынған футбол алаңы мен жаттығу алаңы ағымдағы жылы пайдалануға берілген еді. Таңдай ауылындағы балалар ойын алаңына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ жасақталып, жұмыстар басталатын болады. Ауылдағы 6,1 шақырым жолға ЖСҚ жасалды. «АВС-Лимитед» ЖШС жеңімпаз болып танылып, жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құны – 972 млн. 924 мың теңге. Көше шамдарын көбейтіп, іске қосу. 2023 жылы ауылда 26 дана көше шамдары ЛЭД шамдарына ауыстырылды. Бақсай көшесіндегі 13 бағананы қазып алып, М.Есенбаев көшесіне қондырылды. 2025 жылы 9 көшеге демеушілікпен көше шамдары орнатылатын болады. Округтегі «Ақбұлақ» таза су қондырғысы «Махамбет-Су» мекемесіне берілді. Ауылдағы таза су тарату қондырғысына «Сұңқар құрылыс» ЛТД ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 2024 жылдың қыркүйек айынан бері тұрғындарға таза су берілуде. Округке қарасты Есмахан елді мекеніне таза су жүргізу бойынша1,59 га жер телімі бөлініп, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ЖСҚ жасақталып, сараптамадан өткен. Су желісінің құрылысына 258 млн. 668 мың 425 теңге бөлінді. Жеңімпаз болып «Сұңқар құрылыс ЛТД» ЖШС анықталды. 2024 жылдың шілде айынан жұмысын бастап, қазіргі уақытта жұмыстары аяқталды. Округке қарасты Көздіғара елді мекеніне де таза су жүргізу бойынша 2,42 га жер телімі бөлініп, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ЖСҚ жасақталып, сараптамадан өтті. Су желісі құрылысына 335 млн. 138 мың 913 теңге бөлінді. Жеңімпаз болып, «Универсалстройсервис ЖШС анықталды. Құрылысы 2024 жылдың тамызында басталып, бүгінде жұмыстары аяқталды. Ауылдағы тазалық жұмыстарына жеңімпаз деп «Болатова» ЖК анықталып, тазалықпен айналысты. Кіреберіске көкбелдеу салынып, 500 түп ағаш отырғызылды. Жаңа учаскелерге газ, электр желілерінің құрылысы жүріп, аяқталды,-деді ауыл әкімі Е.Сұлтанов өз сөзінде. Бүгінде 117 ресми жұмыссыз бар. Соның ішінде 78 адам жұмыспен қамтылған. Ауыл әкімі карьер мәселесін, Томан елді мекенін Исатай ауданына беру мәселесін де қозғады. Сонымен қатар, ауылдағы Қ.Ахмедияров атындағы мектептің апатты жағдайда екенін айтып, ол жақта бала оқытуға мүмкіндік жоғын да ашық жеткізді.
Махамбет аудандық білім бөлімінің басшысы В.Берікқызы:
«Іргетасы 1986 жылы қаланған мектеп 2016 жылы қайта жөндеуден өтіп,әйтсе де ол жерде бала оқытуға мүмкіндік жоқ. Махамбетке тасымалдауға қиындық келтіреді. Алдағы уақытта ауылдан 300 орындық жаңа мектеп салуды сұрап отырмыз» деп жауап берді.
Алға мәдениет үйінің директоры І.Боранбай да атқарған жұмыстарын баяндаса, «Жастар рухы» ЖҚ аудандық жетекшісі А.Қонысбаевтың да баяндамасы тыңдалды. Жастармен атқарған жұмыстарға тоқталған Ақжол қазіргі отырған ғимараты 2019 жылы берілгенін, көптен жөндеу көрмеген соң әбден ескіргенін, оны жөндеуге 70 млн теңге қаралғанын айтты. Енді сол қаражат жөндеуге толықтай игерілсе деген ұсынысын білдірді.
Облыстық филиал төрағасының орынбасары Қуантай Бисалиев Жылыой, Мақат аудандарын аралағандарын, атқарылған жұмыстар көп екенін, «Қарызсыз қоғамға» 6000 адам оқығанын, «Жер аманаты» жобасы бойынша 93 мың га жер мемлекетке қайтарылғанын хабарлады.
«Аmanat» партиясы Атырау облыстық филиалдың саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Жасқыран Жалмұханов алдағы уақытта Жеңістің 80 жылдығы келе жатқанын, оны ерекше етіп өткізуді ұсынды. Ол жұмысшы мамандықтар жылы туралы да ойын қосты.
Облыстық филиалдың ұйымдастыру- бақылау жұмысы бөлімінің меңгерушісі Құтжан Әміржанұлы да жүйелі жұмыс барын айтып, биылғы жыл бастауыш партия ұйымы жылы екенін де айта кетті. Ол Алға ауылына жаңа мәдениет үйі керектігін де еске салды.
Жиынды аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Р.Әженов қорытындылады. Облыстан келген партия жетекшілері одан әрі Сарытоғай ауылында салынып жатқан жаңа мәдениет үйінің құрылысына барып, нысанды өз көздерімен көрді. Сарытоғай ауылындағы 200 орындық мәдениет үйінің құрылысын 2017 жылы «Бекназар» ЖШС салып бастады. Алайда жұмысын дұрыс жасамағандықтан мекеме жосықсыз деп танылған. 2019 жылы нысан құрылысын ұтып алған «Стройпроект-2017» ЖШС жауапсыздығынан құрылыс жұмысы тоқтап қалды. Қазіргі таңда құрылысы жалғасуда. Мұнда мердігер мекеме «Гранд Мастер» ЖШС өз жұмысын жүргізуде. Жұмысшылар саны – 25 адам. Қазір ішкі жұмыстары атқарылуда екен. «Аmanat» партиясының сайлауалды бағдарламасына енген нысанның партиялық бақылау бекетінің ықпалымен құрылыс жұмыстары аяқтала келді.
А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА