«Алтын белгі» иегерлерін қабылдады

Әкімдіктің  мәжіліс залында аудан әкімі Қайрат Есқабылұлы бір топ  Махамбет  ауданы  білім бөліміне қарасты  аудан мектептерінің  2024-2025 оқу жылы қорытындысымен «Алтын белгі» төсбелгісіне ие болған жас түлектерді қабылдады.  

- Бір ауданнан 11 алтын белгі шыққаны -  үлкен жетістік, мақтаныш.    Бұл білім берген ұстаздардың да орасан зор еңбегінің жемісі.  Шәкірттің  «Алтын белгі» иеленуі –ұстаздың  да, үйдегі ата-ананың да мерейі.  Қалаған мамандық иесі, қоғамның  жақсы азаматы болыңыздар, -деп аудан басшысы жас түлектерге сәт сапар тілеп, арнайы алғыс хатпен марапаттады. иемденді. 

«Алтын белгі» иегерлерінің ата-аналары атынан  Ақтұрлан Ерманов  жаңа өмірге қадам басып жатқан түлектерге сәттілік тілеп, аудан әкіміне алғысын білдірді. Кенже қызы  Құралайдың жетістігін мақтан тұтатынын айтты.   ҰБТ-ден де жас талапкер 125 балл жинап, алған білімінің нәтижесін көрсеткен екен.  Осы ретте түлектер атынан  Жалғансай орта мектебінің  түлегі  Нұрсезім Нұрдаулетқызы да жылы лебізін білдіріп, өзін 11 жыл оқытқан аяулы ұстаздарына алғысын жаудырып, жаңа өмірге қадам басқан құрбы-құрдастарына сәттілік тіледі.

Жалғансайлық Үміт  әжеміз  де жиенінің Саламаттың қуанышын ортақтаса келіп, жастарға ақ батасын юеріп кетті.    

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT