Әділеттің ақ туын көтеріп, ел тыныштығы жолында еңбек етіп жүрген құқық қорғау және сот саласы қызметкерлері кәсіби мерекесі тойланды.
Аудандағы «Өнерпаз» мәдениет үйінде Қазақстан полициясы және судья, сот қызметкерлері күні аталып өтті. Салтанатты мерекелік шара еліміздің Әнұранымен басталып, қатысушылар елге қызмет ету барысында өмірден өткен құқық қорғау, сот органдары қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.
Аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев сала мамандарын мерейлі мерекемен құттықтап, толайым табыстар тіледі.
- Құзыретті қос органның да адам тағдырын шешуде, қоғамдық тәртіпті орнатуда өзіндік орны, ортақ мүддесі бар. Сот билігі ауданымызда көп жылдан бері беделді жұмыс атқарып жасап, құқық қорғау мамандары жұртшылықтың тыныштығын сақтап, күн-түн демей, аянбай еңбек етіп келеді. Жыл сайын мемлекет тарапынан бөлінген қаражат есебінде аудандық Полиция бөліміне барынша қолдау көрсетіліп, қызметтік көліктер табысталуда. Алдағы уақытта жаңа ғимаратқа көшіру мәселесі де қаралып жатыр. Мұның барлығы құқық қорғау саласы қызметкерлерінің сапалы жұмыс атқаруы үшін жасалып жатқан шаралар,-деді аудан басшысы өз сөзінде.
Осы ретте мерекеге орай бір топ полиция, сот органдары қызметкерлері аудан әкімінің қолынан арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Аудандық сот төрағасы Айтжан Досмағамбетова да әріптестерін мерейлі сәтпен, төл мерекемен құттықтап, ізгі ниет-тілегін арнады.
Махамбет аудандық полиция бөлімі бастығы, полиция полковнигі Нұрболат Алекесов те әріптестерін Қазақстан полициясы күнімен құттықтап, барлық органдар жұмыстары абыройлы болып, ел тыныштығы мен игілігі жолында еңбек ете берейік деп ақжарма тілегін білдірді. Мерекеге орай бір топ қызметкерлерге, сала ардагерлеріне алғыс хат, төсбелгі тапсырды.
Облыс әкімі Серік Шапкеновтің алғыс хатымен аудандық полиция бөлімі кезекші бөлімнің кезекші аға инспекторы, полиция майоры С.Жұмабеков, Атырау облысы полиция департаменті бастығы, полиция генерал-майор Н.Уразбаевтың алғыс хатымен ардагер, полиция подполковнигі Қ.Медетов, сала ардагері, полиция аға лейтенанты А.Курмашев та марапатталды. Облыстық ардагерлер кеңесінің «Хас батыр» медалін ішкі істер органдарының ардагері, полиция подполковнигі М.Аслялиев кеудесіне тақты. Облыстық полиция департаменті бастығы, полиция генерал-майоры Н.Уразбаевтың грамотасымен кезекші бөлім бастығы, полиция майоры А.Бұрхан марапатталса, облыстық полиция департаменті алғыс хатына жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Р.Бердешұлы, патрульдік полиция тобы қызметі аға инспекторы, полиция капитаны Д.Жанболатұлы ие болды.
Мерекемен аудандық мәслихат төрағасы Қайыржан Мажиев те құттықтап, алғыс хатпен марапаттады. Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Қ.Сисенбаев, жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналды полиция тобы учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Б.Аманов, патрульдік полиция тобы қызмет инспекторы, полиция капитаны М.Жакиев аудандық мәслихат алғыс хатын алды. Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Самат Жайлашев та атаулы күнмен құттықтап, облыстық ардагерлер кеңесінің «Ар мен даңқ» төсбелгісін сот саласының ардагері, доғарыстағы судья Сағима Жұмалиева мен азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасы Мәтен Ерғазиевтің кеудесіне тақты.
«Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен Атырау облысының судьясы Ә.Даурешов, Атырау облысы соты судьясы Д.Тухфатова, Атырау облысы Атырау қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты судьясы А.Ерғазиева, Махамбет аудандық соты төрағасы А.Бағытжанқызы марапатталды. «Ар мен даңқ» төсбелгісімен ішкі істер органдарынң ардагерлеріне табысталса, бірқатар сала мамандарына «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісі берілді
шкі істер органдарының ардагері, аудандық полиция бөлімі ардагерлер кеңесі төрағасы Жарас Қосжанов та әріптестерін құттықтап, сонау 90-шы жылдары күн-түн демей, сот, тергеу салаларында ұзақ жылдар жұмыс жасағанда қылмыстарды ізін суытпай ашып, қаншама абзал жандар өзімен бірге жұмыс істегенін айтты. Бүгінгі жас буынға қиындыққа шыдау керек, қызметіңе адал болу керек деген кеңес айтты.
А.Қуанышқалиева