«Алтын-ай» бөбекжай-бақшасында «Алтын күз» ертеңгілігі өтті

«Алтын-ай» бөбекжай-бақшасының кіші «Балдәурен» тобында, «Алтын күз»  атты ертеңгілік өтті. Күз мерекесіне сай залдың іші қызғылт-сары жапырақтар, бау-бақша көріністерімен  безендірілген.

Балалар ертеңгілікке арнап «Алтын күз», «Күз келді» әндерін орындаса, биші бүлдіршіндер «Көңілді бақша», «Жапырақтар» билерін биледі. «Күн мен жаңбыр», «Көкөністер мен жемістер» секілді ойындарды ойнаған балалар қуанып, көңіл-күйлері көтеріліп, мәз-мейрам болды. Сонымен қатар ата-аналармен бірлесе жасалған «Күзгі бақ ғажайыптары» атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

Мереке соңында бөбекжай әдіскері А.Жаикова балаларға мадақтама табыстап, кіші «Балдәурен» тобының тәрбиешілері Жанна Дүйсенова мен Гүлсім Есенғалиеваға өз ризашылығын жеткізді.

Перизат ТАҢАТҚЫЗЫ, 

ата-ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT