Махамбет ауданы 70,27 пайызды көрсетті

Мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарияларға үйлерінен дауыс беруге жағдай жасалды.

Махамбет ауданы бойынша барлық сайлау учаскелерінің есіктері сағат кешкі 20:00-де жабылып, комиссия мүшелері бюллетеньдерді санауға кірісті.

sailau10012021-3

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сағынғали Шотпақовтың айтуынша, 17 631 сайлаушы тізімге алынып, кешкі сағат 8-ге дейін 12 390 сайлаушы дауыс беріп, жалпы көрсеткіш 70,27 пайызды құраған.

sailau10012021-2

- Ауа-райының қолайсыздығы мен эпидемиологиялық жағдайға байланысты белсенділік өткен сайлау науқандарымен салыстырғанда төмен болатындығы анық еді. Бұл көрсеткішті салыстырмалы түрде жоғары деуге болады. Халықтың саяси сауатының артқаны көрініп тұрды. Сайлау барысында ерекше белсенділігімен көзге түскен, ауданның ортақ көрсеткішінен жоғары пайызды көрсеткен сайлау учаскелері болды. Олардың қатарында Есбол ауылындағы №237, Махамбет ауылындағы №217, №218, №219, Сарайшықтағы №223, Ақжайықтағы №230, Ақтоғайдағы №234 учаскелері бар,- дейді С.Нысанбайұлы.

Өз таңдауын жасауға тиісті бірінші рет дауыс бергелі тұрған 388 жас сайлаушының 370-і дауыс берсе, мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарияларға үйлерінен дауыс беруге жағдай жасалған.

Б.СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT