Алғыс арқалаған әлеуметтік қызметкерлер

Махамбет және Сарытоғай ауылдарының әлеуметтік қызметкерлері өз қамқорлықтарындағы қарттарға, мүмкіндігі шектеулі балаларға төтенше жағдайға қарамастан көмек көрсетуді жалғастыруда.

Солардың бірі Алмагүл Құбашева қарттарға зейнетақыларын және дәріханадан керекті дәрілерін, дүкеннен күнделікті тұтынатын азық-түліктерін әкеліп, одан қалса, өз қолымен қарттарға бетперде тігіп беруде. Ал, Нәсіп Хасанова болса, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмегін көрсетуде. Шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында кітапханадан кітаптар әкеліп, уақытты тиімді әрі қызықты етіп өткізуден шаршаған емес. Ғұбайдуллин Әділеттің ата-анасы Нәсіп апайына алғысын жаудыруда.

nasip270420

a

Ауданымыздағы жалғызілікті қарт Фарида Хабирова апай:

«Бізге әлеуметтік қызметкер Алмагүл үнемі келіп, көмектесіп тұрады. Ол бізге өз қызымыздай болып кетті. Бізге де қарайласып, үйдің де тазалығын ұқыпты орындайды. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ» дейді.

a

Ия, өзіңнің қызметіңді адал атқару жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне көмектеседі.

К.САПАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз