Алғалықтар қайырымды азаматтарға алғыс айтуда

Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам жасайды.

Ауданымызға қарасты Алға ауылында қайырымдылық шарасы жалғасын табуда. Бұған дейін де жариялағанымыздай, төтенше жағдайға байланысты «Біз біргеміз» акциясы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға «Бірлік» ШҚ басшысы Аманкелді Қунашев округтегі 14 отбасына жылқы сойып таратса, күні кеше сол үрдісті жалғастырып, "Жаңа шаруа" ШҚ басшысы Амангелді Кадиров те 24 отбасын жылқы етімен қамтамасыз етті.

alga2804201

«Осындай қиын-қыстау кезде ауыл кәсіпкерлері көмек қолдарын созуда. Ауылдық округтегі мекеме басшыларымен бірлесіп, 5 отбасына азық-түлік таратылды. Мекеме басшылары мен округ кәсіпкерлеріне ауыл тұрғындары атынан ризашылығымды білдіремін. Осындай игі істер жалғасын таба берсе, бұл сынақтан аман-есен өтеміз деген ойдамын »,- дейді Алға ауылдық округ әкімі міндетін атқарушы Расул Мусин.

Жалпы, бүгінде «Біз біргеміз» акциясын қолдап, көмекке зәру жандарға қол ұшын созып жүрген кәсіпкерлер аз емес. Олардың қатары күн санап ұлғайып келеді.

К.Сапарқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT