Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты көптеген мекеме-ұйым қызметкерлері қашықтықтан жұмыс жасауда.
Үйде отбасымен пайдалы іспен айналысып, көпшілігі әлеуметтік желі де әртүрлі шараларға қатысып, сол еңбектерінің нәтижелерін көруде. Осындай отбасылардың бірі махамбеттік Айжарықовтар.
«Осы жылы сәуір айының аяғында Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының 6 сыныбында оқитын ұлымның ұстазы телефон арқылы хабарласып: "Әлеуметтік жобаның номинациялары" атты жобаға қатысасыздар ма? деген ұсыныс тастаған болатын. Бейне-ролик жасауды мен өзім әуелден жақсы көретінмін. Жалпы үйде ұлымыз да өнерге жақын, әнші, домбырашы. Аудан сахнасында өнер көрсетіп жүр. Жобаның 4-ші номинациясы бойынша "Менің отбасымда-спорт пен ұлттық ойындардың мәдениеті" атты тақырыпты таңдап, сол бойынша отбасымызбен бейнебаян түсіріп, мұғаліміне, сонымен қатар Алматы қаласы, республикалық "Өрлеу" порталына да жіберген болатынмын. Келесі күні электронды поштама республикалық "Өрлеу" порталының директоры атынан "Біз біргеміз, Біз үйдеміз" тақырыбында дайындаған бейнебаянымызға алғыс айтып, сертификат келді. Қашықтықтан жұмыс жасап, үйде қарап отырмай, онлайн шараларға қатысып, оның нәтижесін көріп жатырғанымызға қуаныштымыз. Мұндай шараларға белсенді қатысуға дайынбыз» дейді Дария Серікқызы.
К.Сапарқызы