Алғалықтар тағы да асарлатты

Халқымыз мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасауды, кіріптарға садақа беріп, қарттарды аялауды, мүгедектерді қолдап-қорғауды әрбір адамның адамгершілік борышы деп есептейді.

Осы мақсатта Алға ауылдық округінде тазалық жұмыстары мұқтаж азаматтарға көмек көрсету шараларымен жалғасын тапты.

a

«Біздің ауыл тұрғындары бастамашыл екені баяғыдан белгілі. Сондықтан да, биылғы тазалық айлығында да жаңа бастама көтеріп отыр.Ауылдың белсенді азаматтары және жастары көздерінің тірі кезінде тұрғызған үйлерін бітіре алмай өмірден озған азаматтардың баспаналарына көмектесу мақсатында қол ұшын созды. Үйдің төбесіне шөбін шығарып, ағаштарын қағып, ауласын тазалап,біраз жұмыстарына қолғабыстарын тигізді. Осы орайда қандай шаралар болсын басы-қасында атсалысып,өз үлестерін қосып жүретін ауыл азаматтарына, ауыл жастарына алғыс білдіремін»,-дейді Алға ауылдық округінің әкімі Р.Мусин.

alga-2270820

Кенже САПАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз