Махамбеттіктер мерекелік медальмен марапатталды

Махамбет аудандық әкімдігінінің үлкен мәжілісі залында Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жылдық мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.

akim280820

Еліміздің тарихында Қасым ханның «Қасқа жолынан» бастау алған бүгінгі Ата Заңымыз – халық қолдаған, елімізді биік белеске шығарған, тарихи маңызы зор құжат. Аудан әкімі Жәрдемғали Ахметов:

- Мемлекетіміздің өз алдына көтерген шаңырағын шайқалтпай, мызғымас тірегіне айналған Конституция тұрақтылығы қоғамымыздың тұрақтылығының бірден-бір кепілі. Сондықтан Ата Заң аясында қызмет етіп, оны құрметтеу, принциптерін сақтау – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз, келер ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік. Конституция күні құтты болсын. Барлық ізгі істеріңіз бен бастамаларыңызға сәттілік серік болсын,- деп тілегін білдірді.

med280820-28

Кейін ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуына үлесін қосқан бірқатар азаматтарға мерекелік медальдар табысталды. Еңбегі еленіп, Ата Заңымыздың ширек ғасырлық мерекесіне арналған медальды төсіне таққандардың бірі - ардагер-құрылысшы Наурызбай Иманғалиев.

-sm280820

- Аудан әкімдігіне көп жылғы еңбегімізді бағалап, марапатқа ұсынып жатқандарына көп рахмет. Құрылыс саласында жасағыныма 51 жыл болған екен. Осы ауданда салынған құрылыс нысандары, яғни балабақша, тұрғын үй, мектептердің бәрі де біздің қолдан өткен деп айтуға болады. Құрылысшылардың еңбегі ұшан-теңіз екендігін де білесіздер. Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық тілеймін,- деді Н.Қажиұлы.

arman280820

m

«ҚР Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі 14 азаматқа аудан көлемінде берілсе, спорт мектебінің жаттықтырушысы Қайрат Ідрісов пен шаруа қожалық жетекшісі Анатолий Лиге облыс деңгейінде табысталатын болады.

smi280820-20

marjan280820

mar280820-31

Сондай-ақ, аудан әкімі пандемия кезінде өзгенің өмірі үшін күрескен дәрігерлер де, ұстаздар қауымы да, ауыл шаруашылығы саласының майталмандары да марапаттан шет қалмайтындығын атап өтті.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521