Алғада наубайхана іске қосылды

Биыл алғалықтар кәсіпкерлік салада көптеген жаңа басталамалармен таң қалдыру үстінде. Жуырда ғана осы ауылда аяқ киім тоқып шығаратын шебер әйел туралы жазған едік. Ал, бүгінде наубайхана ашып, халықты ұннан жасалған тағамдармен қаматамасыз етіп отырған кәсіпкердің еңбегін елемей кетуге болмас.

Көпбалалы ана, ”Айару” ЖК иесі, Эльмира Жұмағазиева 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберімен 2,0 млн.теңге көлемінде қайтарымсыз қаражатқа ие болған. Осы қаражаттың көмегімен шағын наубайханасын толықтай жабдықтап, іске қосып отыр.

Әзірге мұнда  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қатарына енгізілген нан тағамдары, тәтті бәліштер мен жартылай фабрикатталған өнімдер дайындалады.  Бір ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер келешекте наубайхананы кеңейтіп, өзі секілді көпбалалы аналарды да еңбекке қоссам дейді.  

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT