Алға ауылына жаңа мәдениет үйі мен спорт кешені қажет

Махамбет ауданына қарасты ауылдық округ әкімдерінің өткен жылғы атқарған жұмыстары бойынша есеп беру жиыны Алға ауылынан басталды.

Ауыл әкімі Расул Мусин 2021 жылғы ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алда тұрған міндеттерді саралай келе, шешімін күтіп тұрған өзекті мәселелердің де бір шетін шығарғандай болды. Ең бірінші мәселе – жаңа мәдениет үйінің қажеттілігі. Қазіргі мәдениет үйі екі мәрте күрделі жөндеуден өтсе де қабырғалары қақырап тұр. Ауыл әкімінің сөзінше, жаңа мәдениет үйінің құрылысы жоспарланып, бас жоспар бойынша белгіленген жердің құжаттары аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы жасақталуда. 200 орындық мәдениет үйі құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасақтау үшін екі жыл бұрын облыстық құрылыс басқармасына сұраныс жолданған. Алайда қаржысы шешілмеуіне байланысты биылғы жылы жаңадан бюджетік комиссияға сметасы салынып, қосымша ұсыныс хат жолданыпты.

d7887b46-fecb-4aa5-8f0d-fb9702b15f49

– Өткен есеп беру жиынында тұрғындар ауылдық округ бойынша кәріз суын төгетін орынның қажеттілігін айтты. Бұл барлық ауылдық округ бойынша шешімін таппай келе жатырған мәселе. Ендігі кезекте аудандық мәслихатқа ұсыныс беріліп, кезекті тұрақты комиссияда қаралу жоспарына енгізілді. Ауылдық округтегі тағы бір өзекті мәселелердің бірі – спорт кешенінің жоқтығы. Ауылда спорттық ойындарға қатысушылар мен спортқа қызығушылық танытатындыардың саны жоғары болғандықтан спорт кешенінің де қажеттілігі жоғары. Ауыл жастары қалаға барып жаттығады және көптеген жастарымыз түрлі қала құрамаларда өнер көрсетіп, ауылдың, ауданның, облыстың намысын қорғап жүр. Бұл мәселе тұрғындарды да толғандырып жүрген мәселе болғандықтан аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне ақаулық тізім (дефектный ведомость) жасақтауға қаржы бөлуге ықпал ету туралы хат жолданды,-дейді ауыл әкімі.

895fff5b-e8c1-49ec-b302-8988d60a6da0

Алға орта мектебінде 446 оқушыға 59 мұғалім дәріс береді. Күні бүгін мектепке тартылмай отырған, дәлелсіз оқымай отырған бірде-бір оқушы жоқ. Білім сапасы 57%-ды көрсетіп отыр. Аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдау бағытында міндетті оқу қорынан 720 000 теңге бөлініп, 34 отбасының 72 баласына киім кешек берілсе, 240 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Мектептің жылу қазандығын мектепке жақын жерге орналастыру және жер бетімен орналасқан жылу құбырын жер астына өзгерту жұмыстары жоспарлану үстінде. Өйткені мектептен едәуір қашықта орналасқан жылу қазандығы мен ескірген жылу құбырынан білім ордасын қажетті деңгейде жылыта алмай тұр.

248e21e5-2cfe-49be-9bbc-89febf365d3a

Балабақшаның жобалық қуатына сай 90 бала қабылдап, оларды төрт топта тәрбиелеуде. Жалпы балабақшада 32 қызметкер жұмыс жасайды. Жыл сайын балабақшаға деген сұраныс өсіп отыр. Ауыл бойынша 1-6 жас аралығында 322 бала бар болса, оның 90-ы балабақшамен қамтылса, 45 бала мектепалды дайындық тобында оқиды. 30 бала шағын орталыққа барады. Қазіргі уақытта 140 бала балабақша кезегінде тұр.

4977c0ab-d555-457e-9228-388ccfb3ac54

b39eee4d-2fd3-4127-a45f-8229fbf83c97

– Балабақшаға бала кезегінің жыл санап өсуіне байланысты жаңа 160 орындық балабақша жері белгіленіп, заңдастырылуда. Жаңа балабақшаның құрылысынын жүргізуге 696, 860 000 теңге қаржы керек. Сараптамадан өтіп, қаржысы қарастырылуда. Алайда бала санының артуына байланысты құрылыс жобасын 280 орындық балабақша құрылысы жобасына ауыстыру туралы облыстық құрылыс басқармасына ұсыныс жолданды,- дейді ауыл әкімі.

 

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521