«Атырау адалдық алаңы» Махамбет аудандық жобалық кеңсесі қоғамда халық пен биліктің ашықтығын қалыптастыру мақсатында ауданға қарасты ауылдық округ әкімдерімен «Ауылдық округтерде 2021 жылдың 5 ай мерзімінде атқарылған жұмыстар және бюджет қаржысының игерілуі туралы» тақырыбында тікелей эфир өткізілді.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті және «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қоғамда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, жалпы қоғамдық төзбеушілікті қалыптастыру және облыс, аудан көлеміндегі мемлекеттік институттарға азаматтардың сенімін нығайту мақсатында «Antikor.live» және «Адал көмек» жобалары жүзеге асқан болатын. Осы бағытта облыс және аудан көлемінде жүйелі жұмыстар жүргізіліп, бұл бастама бүгінде өз нәтижесін беріп келеді. Бүгінде халық пен биліктің ашықтығын қалыптастыру мақсатында жобалық кеңсе өкілі «AAA_MAKHAMBET» инстаграм әлеуметтік парақшасында ауылдық округ әкімдерімен 9 тікелей эфир өткізіп,ауылдық округтегі шешіліп жатырған мәселелер және бюджет қаражатының игерілуі жөнінде округ әкімдері кеңінен тоқталып, аудан тұрғындарының бірқатар ұсыныстарын ескерді.
Жемқорлыққа жол бермеу мақсатында «Атырау– адалдық алаңы» жобалық кеңсесі іске қосылған. Кеңсе өз жұмысын өңірлік маңызды салалардағы тұрмыстық жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы орта құру, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жұмыс жасап келеді. Бұл форум біздің Отанымыздың жарқын болашағы үшін күресіп жүргендердің орасан еңбегін көрсетеді. Бүгінгі таңда бұл мәселеге бей-жай қарамайтындардың саны артып келеді. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте тиімді жұмыс істейтін дұрыс тұтқаларды табуға көмектеседі. Қоғамдағы ең басты мәселенің біріне тосқауыл қою – біздің басты мақсатымыз.
Сондай-ақ «Антикор Life» жобасы бойынша әлеуметтік желіде мекеме басшыларымен сұхбат жасалып келеді. Сонымен қатар ашықтық қағидатын қамтамасыз ету мақсатында сенім телефондары, жеке қабылдау кестелері тоқсан сайын тұрақты жарияланып тұрады.
Жалпы адамзат тарихында сыбайлас жемқорлықпен күрес ауыр да, күрделі дерт екені жасырын дүние емес. Демек, бұл ауыр дертпен бар күш-жігерімізді салып күресу, түп тамырымен жою әрбір қазақстандықтың басты міндеті дегенді айтқым келеді.
Айбек СИРАШ,
Атырау Адалдық алаңы Махамбет аудандық жобалық кеңсе өкілі,
аудан әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер жөніндегі
штаттан тыс кеңесшісі