ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Н.Ожаев Махамбет ауданында болды

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлыбек Ожаев Махамбет ауданында болып, бірқатар нысандарды аралап, ауыл әкіміне үміткерлер, сайлаушылармен кездесті.

Алдымен облыстағы іргелі кәсіпорын «Первомайский» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Асыл тұқымды мүйізді ірі қара өсірумен айналысатын кәсіпорында жылына 9500 тонна сүт өндіріледі. Сүт кешені толықтай компьютерленген.

sut15721

Кейін депутат Ақжайық ауылдық округіндегі 4 гектар аумақты алып жатқан жылыжай кешенінде болып, жұмыс барысын көрді. Көкөніс өнімдерін өндіруді мақсат еткен, жалпы құны 15 млрд теңге құрайтын жоба келешекте жылына 350 тонна қияр, қызанақ өнімін алмақ ниетті. Қазіргі таңда жылыжайдың қаңқасы құрылған, электр және газ желісі тартылып тұр. Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр. Жұмысшылар 250 мың теңге көлемінде айлық алады. Шаруа қожалық 22 гектарға дейін созылып, құс, балық өсіріп, консерві цехын ашпақ ниетте. Болашақта 350-дей адам жұмыспен қамтылмақ.

de15721-3

ds15721-1

Ел президентінің шешімі бойынша ауыл әкімдерін халық сайламақ. Осы үрдістің алғашқы «қарлығаштарымен» кездескен Н.Жұмахметұлы ең алдымен үгіт-насихат жұмысының маңызды екендігін атап өтті. Негізгі құжат – әлеуметтік-экономикалық жағынан көтеруге бағытталған сайлауалды бағдарламасы. Тұрғындармен кездесу кезінде «Nur Otan» партиясынан ұсынылған кандидаттар көшбасшы партияның сайлауалды бағдарламасын негізге алмақ. Сонымен қатар биылғы ауыл әкімдерінің сайлауындағы үміткерлер күрделі кезеңде, яғни пандемия уақытында халықпен байланысты онлайн режиге ауыстырды. Халық қалаулысы Махамбет ауданында әлі де жасалуы қажетті жұмыстар бар екендігін тілге тиек етті.

ds-15721-4

dep15721

- 25-ші шілде күні сайлау өтіп жатқан әрбір ауылда сайлау құқығына ие сайлаушылар, ауыл тұрғындары ауыл әкімін өздері таңдап, тікелей дауыс береді. Бұрын мұндай сайлау болған емес. Бұрын жанама дауыс беру арқылы, былайша айтқанда аудандық, қалалық депутаттардың дауыстарымен селолық округ әкімдері сайланатын. Биылғы әкімдер сайлауында барлық жауапкершілік ауыл азаматтарының өзінде. Ауыл тұрғындарын, сайлау құқығына ие азаматтарды өз қалауларына сәйкес үміткерлерге дауыс беруге шақырамын, - дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Н.Ожаев.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521