Еліміздегі 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінің аясында тағы бір жоба сәтті басталып жатыр.
Халқының басым бөлігі ата кәсіптен қол үзбей мал шаруашылығымен айналысып отырған Ақтоғай ауылында “Темиргалиев Б” жеке кәсіпкерлігі 4,0 млн.теңге мемлекеттік грант жеңіп алды. Аталған қаражатты толықтай ”Ақтоғай сүт өнімдері” жобасына салып, бүгінде шағын цех ашып отыр.
Өткен жылы басталған жоба биыл толықтай іске асып жатыр. Шағын цех сүт, қаймақ, май, сүзбе секілді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қатарына жататын сүт өнімдерін өндіріледі. Мемлекеттен алынған қайтарымсыз грантқа заманауи құрылғылар алынып, мал басынкөбейтіп, кәсіпкер жұмысын дөңгелетіп отыр. Сонымен қатар, екі адамды жұмыспен қамтуда. Әзірге «Ақтоғай сүт өнімдерін» апта сайын өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде, жергілікті дүкен сөрелерінен көре аласыздар.
А.Сатаева