Ақтоғай ауылында «Алғыс айту – парымыз» атты кеш өтті

1-наурыз күні Ақтоғай ауылдық мәдениет үйінде Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту – парызым» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға қатысқан қонақтарды ауылдық округ әкімі Г.Оразғалиева құттықтады.

– Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі. Әр адам алғыс алуға және алғыс алу үшін жақсы игі істер жасауға да лайық болу керек. Ата-бабаларымыздың «Алғыс алған арымас» деген нақыл сөздері тек әр адамның жақсы игі істерді жасауына, қайырымды болуға тәрбилеген ұлы сөздері. Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, отбасыларңызға амандық, шаңырақ шаттығын тілеймін,- деді ауыл әкімі.

Ауыл ардагері Қ.Батанов, әнші С.Бекмұханбетова, «Жасдәурен» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі З.Көпжасарова, Ақтоғай орта мектебінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Е.Сыдихов кеш барысында қойылған түрлі сұрақтарға жауап беріп, кештің жақсы өтуіне атсалысты.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521