Махамбетте ауылішілік автобустар жаңа бағытта жолға шықты

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы Махамбет ауылы бойынша «Жолаушылар және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау» үшін «Нұр-Ясин» ЖК автобусы 1-наурыздан бастап жұмысын бастады, деп хабарлайды Махамбет ауылдық округі әкім аппараты.

Газетіміздің осыған дейінгі нөмірлерінде ауылішілік және «Махамбет-Атырау» бағытындағы жолаушылар тасымалына арналған автобустар жетіспейтінін жазған едік.  Енді міне, тұрғындардың да тілегі ескеріліп, жаңа шыққан автобустың маршруты да қойылды. А.Талпақов көшесінен бастап, Б.Нысанбаев, «Жеңістің 50 жылдығы», А.Оңайбаев  көшелерін айналып, Төле би көшесімен «Тұмар» дүкені алдын кесіп өтіп, О.Шонаев орта мектебіне дейін жүретін автобус халыққа қолайлы жағдай жасап отыр.

Қазіргі таңда ауылішілік такси бағасы қымбаттауына байланысты тұрғындар да қоғамдық көлікпен қатынап үйренген. Әсіресе, орталықтағы мектептерге баласын оқытып отырған ата-аналар үшін өте қолайлы. Халықтың игілігі үшін жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерге  махамбеттіктер дән риза.

 А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз