М.ЕЩАНОВ: «Жаңашылдық жаңғырудан басталады»

Еліміздің кезекті Мәжіліс сайлауы да жаңа талапқа сай өткелі отыр.

Елімізге аты жаман індет келгелі өмір салтымыз айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Балалар үйде отырып, сабақ оқи бастады,кейбір қызметкерлер де қашықтан жұмыс жасауға көшті. Барлық жерде санитарлық талапты сақтау қажеттілігі орын алды. Бастапқыда жаңа тәртіпке тосырқай қараған жұртшылық, қазір бәріне көндігіп келеді. Еліміздің кезекті Мәжіліс сайлауы да жаңа талапқа сай өткелі отыр.

Мәжіліспен бірге облыстық және аудандық мәслихат депутаттары да осы кезеңде сайланады. Мен көпті көрген адаммын. Осы күнге дейін көптеген сайлаулардың басықасында жүрдім. Өзіміз қалаған депутатқа даусымызды беріп жүрдік. Бұл сайлаудың ерекшелігі партиялардың бәсекеге түсуінде болып отыр. Қай партия көп дауыс жинаса, сол партияның үміткерлеріне де көбірек мүмкіндік беріледі.

Депутат – халықтың адамы. Билік пен бұқараның арасындағы алтын көпір деп те жатамыз. Өкінішке орай, бұған дейін сайланған депутаттардың арасында сайлауалды науқан кезінде белсене көрініп, уәдені үйіп-төгіп, сайланып алғаннан кейін төбе көрсетпей кеткен адамдар болды. Жаңа талапқа сай депутат болып сайланатын адамдар мұндай қателікті қайталамайды, қай уақытта да халықпен бірге болады деп сенім артамыз.Өзім туып-өскен Таңдай ауылы кезінде ең алғаш құрылған 5 ірі совхоздың бірі еді.Құдайға шүкір, еліміз тыныш, жұртымыз аман. Газымыз, суымыз, жарығымыз келіп тұр. Көше жарығы да қондырылып жатыр. Таңдайлықтардың ендігі қалайтыны – тас жол. Күннен-күнге үлкейіп келе жатқан ауылымызға теп-тегіс тас жол керек-ақ. Жаман індет іргесін аулақ салып, балаларымыз қайтадан мектепке барып оқитын кезде, жаңбыр жауған күндері балшыққа былғанып жүру балаға да, ата-анаға да қиындық тудырады. Жайығымыздың жайы да көпшілікті толғандырар мәселелер қатарында. Ауылшаруашылықты аудан болғаннан кейін біз үшін судың маңызы өте зор.

Алдағы сайлауға түскелі отырған партиялардың үміткерлері депутат болып сайланғаннан кейін осы мәселелердің шешімін табуына атсалысса деген тілегім бар.

Мұрат ЕЩАНОВ,

кәсіби емес медиатор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521