Әділ сайлау өткізу – өз қолымызда

Шын мәнінде, сайлаудың әділ өтуі әр азаматтың құқықтық санасы мен ортақ жауапкершілігіне байланысты.

Жергілікті әкімдерді сайлап қою жөніндегі шешім осы- дан 20 жылдан астам уақыт бұрын Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген болатын. Ал, оны нақты іске асырудың қолайлы сәті, мезеті енді келгендей.

Қай елде болмасын мүдделі топтар арасында жеңіске жету үшін қиян кескі бәсеке болады. Сол топтың немесе үміткердің ішінен өз кандидатыңызды таңдайсыз. Үміткерге дауыс беру барысында туындауы мүмкін кейбір келеңсіздіктерді де ескерген жөн. Сайлаудың ерекшелігі – таңдауды әр халық өзі жасайды. Бұл демократиялық процестің дамуынан жасалған қадам. Бір ескерілетін жағдай, сайлау мәдениеті ағайын-туыстыққа жол бермеу қажет. Осыдан сақ болуымыз керек. Әсіресе, бармақ басты, көз қысты болып, жікжікке бөлінбей, тек арнайы топтың мүддесін ғана қорғамай, халықтың мүддесін қорғауымыз, ашық әрі әділ бәсекені ұйымдастыруға ат салысу керек.

Сонымен қатар, халық пен биліктің арасына көпір болатын, дүниетанымды, ақылды, ұстанымды, өз ойын ашық айта алатын кандидаттарды таңдау керек. Мемлекетіміздің саясатын «Нұр Отан» партиясы ұстанып отыр. Өзінің бағдарламасын жүзеге асырады. Тіркеу аяқталды. Үгіт жұмыстары басталады. Сайлауға 15 кандидат тіркелді. Осының сегіз кандидат партиядан, ал жетеуі өздерін ұсынды. Сәйкестерін анықтайтын мәліметтерді тиісті орындарға жібердік. Сәйкесінше сұраныстарын алып, оң жауаптары да келді. Қазіргі уақытта сайлауға қажетті құрал-жабдықтар алудамыз. Сайлау күні сақтық шаралары да басты назарда.

Қазір халық сауатты, көзі ашық. Сайлауалды бағдарламалары аудандық бұқаралық ақпараттық құралдарында жарияланып келеді. Сондықтан осы науқанға баршасы бір кісідей ат салысып, өз таңдауларын жасап,белсенділік таныту әр азаматтың міндеті деп білемін.

С.ШОТПАҚОВ,

аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT