Редакция ұжымы вакцина алды

Әлемді жайлаған індет ешкімді аямайтынын күн өткен сайын көрсетуде.

Бірте-бірте мутацияға ұшыраған вирустың жаңа түрлері пайда болып, шет елдерден бізге де келе бастады. Осыған дейінгі коронавирусқа енді «Британ» штаммы мен «Дельта» штаммы қосылып, өте күшті жылдамдықпен таралып жатыр. «Covid-19» жасы егде тартқан адамдар үшін қауіпті болған болса, жаңа штаммдардың әсерінен балалардың ауырған деректері көптеп тіркелуде.

Жаңа вирустың көз ілеспес жылдамдықпен жұғуынан секем алған, осыған дейін неше түрлі фейк аккаунтар арқылы арандатушылар таратқан жалған ақпаратқа иланып, екпеге үрке қарап жүрген ауылдастарымыздың көпшілігі отбасын, ағайын-тумасын екпе алу арқылы ғана қорғай алатынын түсіне бастады.

Шілденің алғашқы аптасында аудандық редакция ұжымы да ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін бірауыздан ұйымдасып екпе алуға бардық. Дәрігердің алдын-ала тексерісінен өткен соң ресейлік «Спутник V» вакцинасын алдық. Келесі күні барлық ұжым мүшелері жұмысқа шықты. Барлығы да аздап қолдарының ауырлағаны болмаса ешқандай ауырсыну сезімі болмағанын айтты. «Спутник V» - аденовирус векторына негізделген, әлемде алғашқы болып тіркелген вакцина. Оның коронавирус инфекцияның ауыр жағдайларына қарсы тиімділігі 100% құрайды. Вакцинаны Н.Ф Гамалей атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған. Орталық - өз саласы бойынша әлемдегі жетекші ғылыми-зерттеу институты болып саналады. «Спутник V» кеңесі ғалымдарының айтуынша, ұқсас платформадағы басқа препараттармен салыстырғанда ресейлік вакцинаның нәтижелері жақсы. «Спутник V» вакцинациясының матрицалық РНҚ-ның инновациялық технологиясын қолдану арқылы жасалған Pfizer-BioNTech және Moderna вакциналарынан айырмашылығы, SARS-CoV-2 вирусының генетикалық материалын (тікенді қабық ақуызы) адам жасушаларына жеткізу үшін кәдімгі суық тиюді тудыратын аденовирус тұқымдасының басқа вирус қабығы қолданылған кезде векторлық технологияны қолданып жасалған. Жасушалар иммун реакциясын тудыратын ақуыз шығарады, солайша организм вируспен күресуді үйренеді.

Вакцинаның екінші компонентін шілденің соңғы аптасында алатын боламыз. Ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын іздеген ләзім. Қазіргі уақытта індеттің тырнағына ілікпеудің жалғыз амалы вакцина.

Бір кездері ата-бабамызды қызылша мен обаның, шешек пен тырысқақтың шеңгелінен аман алып шыққан вакцина короновирустың түрлі штаммдарынан да қорғай алатынына сеніміміз мол.

Б.СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT